Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Мәйекті 8746 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 18:12

АҚЫРЫП ӘЛІ АҚПАН ТҰР

Айтары жоқ, биылғы қыс қатты болды. Күре жолдар қайта-қайта жабылып, жолаушылап шығып кеткен адамдар қалың жауған қар астында қалды. Тіпті, адам шығыны да бар. Мысалы, Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні болып, жеті жауынгер көз жұмды. Қазақ даласына келген биылғы қыстың қаһары мен ақ басқын шетелдік БАҚ-тардың да назарын аударды. Мына төмендегі көріністі Батыс елдеріндегі баспасөз "ақ апоколипсис" деп атаған. Приречное ауылының тұрғындары (ШҚО) қазір осындай қалың қардың астында жатыр. Олар бір-бірімен үйлердің шатыры арқылы немесе үңгіп қазып алған ұңғыма жолдар арқылы қатыныс жасайтын жағдайға жеткен. Иә, бүгін күнтізбе бойынша қыстың соңғы күні, бірақ қырда ақырып әлі ақпан тұр. Мына алапат қардан  Үкімет күш шағырып елді-мекендерді аршып алмаса, ертең суға кетуі мүмкін. Ақ жағалы ұлықтарымызға осыны ескертеміз! Қызылағаш оқиғасы қайталанып жүрмесін, мырзалар! 


Суреттер inform.kz сайтынан алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969