Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5608 0 пікір 16 Қыркүйек, 2010 сағат 05:35

Мұхтар ШАХАНОВ, ақын, қоғам қайраткері: Ұлттық мүддесі жоқтар қазақ емес

Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары мен тәуелсіздік үшін күресіп жүрген жеке азаматтар және кейбір тәуелсіз партия мүшелері кезекті маусымның риясыз «күресін» бастап кетті. Ақын Мұхтар Шахановтың екпіні өткен жылдағыдай бәсең болмауы керек сияқты. Өйткені еліміздің ішкі-сыртқы мәселесі былтырғыдан көп және күрделі.

 

- Мұхтар аға, жүректің емі - тыныштық қой. Бірақ сіздің жүрек ұлт үшін еш маза таппайды. Денсаулығыңыз қалай?

- Қазіргі кезең бей-жай жүретін, өзінің жеке басының мүддесін ғана көздейтін кезең емес. «Кімде-кім осындай кезеңде ұлтының халіне жаны ашымаса, ол азамат емес және қазақ емес» деген қатаң да әділ ұстаныммен келе жатқандықтан, жүрегіме салмақ түссе, ол заңдылық емес пе?

Өткен жылы Түркия мемлекетінде жан-жақты клиникалық тексерулерден өткізген дәрігерім қанымның жиі қоюланатынын анықтады. Оған қоса, қан тамырларымның төртеуі тарылып, бітелуге жақын қалған екен. Төрт сақина саламыз деп еді, соның екеуін салдыруға ғана қаржым жетті. Бірақ, Құдайға шүкір, әзірше жүріп жатырмыз...

- Күз - науқан. Саясат үшін де бұл маусымның мазасыздығы - өз алдына үлкен әңгіме. Алматы қаласының әкімі Есімовке «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізу туралы өтініш хат жазыпсыздар. Бұл мәселе қалай шешілді?

Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары мен тәуелсіздік үшін күресіп жүрген жеке азаматтар және кейбір тәуелсіз партия мүшелері кезекті маусымның риясыз «күресін» бастап кетті. Ақын Мұхтар Шахановтың екпіні өткен жылдағыдай бәсең болмауы керек сияқты. Өйткені еліміздің ішкі-сыртқы мәселесі былтырғыдан көп және күрделі.

 

- Мұхтар аға, жүректің емі - тыныштық қой. Бірақ сіздің жүрек ұлт үшін еш маза таппайды. Денсаулығыңыз қалай?

- Қазіргі кезең бей-жай жүретін, өзінің жеке басының мүддесін ғана көздейтін кезең емес. «Кімде-кім осындай кезеңде ұлтының халіне жаны ашымаса, ол азамат емес және қазақ емес» деген қатаң да әділ ұстаныммен келе жатқандықтан, жүрегіме салмақ түссе, ол заңдылық емес пе?

Өткен жылы Түркия мемлекетінде жан-жақты клиникалық тексерулерден өткізген дәрігерім қанымның жиі қоюланатынын анықтады. Оған қоса, қан тамырларымның төртеуі тарылып, бітелуге жақын қалған екен. Төрт сақина саламыз деп еді, соның екеуін салдыруға ғана қаржым жетті. Бірақ, Құдайға шүкір, әзірше жүріп жатырмыз...

- Күз - науқан. Саясат үшін де бұл маусымның мазасыздығы - өз алдына үлкен әңгіме. Алматы қаласының әкімі Есімовке «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізу туралы өтініш хат жазыпсыздар. Бұл мәселе қалай шешілді?

- Былтырғы жылғы іс-шара барысында әкімдік өзі рұқсат бергенімен, халықтың назарын басқа жаққа бұрып әкету үшін, дәл сол күні бізбен жағаластырып, қала күнін мерекелеуді жоспарлапты. Бұрын қала күні қыркүйектің алғашқы сенбісінде өтетін. Дегенмен 3000 орындық Республика сара­йына 4500 адам жиналып, үштен бірі басынан аяғына дейін түрегеп тұрды. Ал егер биліктің рұқсатынсыз алаңға шықсақ, Елбасының өзі түгіл, ағайын-туған­дары туралы сын аузымыздан шығып кетсе, темір тордың арғы жағында 18 жыл тегін тамақ ішіп қай­туымыз әбден мүмкін.

Биыл Республика сарайы жөндеуде болған­дықтан, қалалық әкімдік тарапынан рұқсат С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің Конгресс-холына берілді. Оған шамамен 1,5 мың адам сыяды, бұған қоса кішігірім алаңы да бар екен. Биліктің бізге берген рұқсаты -  осы.

- Тіл туралы жасалған 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама баспасөзде жарияланды. Бағдарламаның көңіліңіз толмай жүрген кемшілігін бір-бірден атап, оқырманға жіпке тізгендей етіп түсіндіріп бере аласыз ба?

- Бұл бағдарламаның, өз кезегінде, шалағай, бұлыңғыр тұстары да жоқ емес. Жобаның бірыңғай биліктің пікірі мен уәжіне құрылғандығы көзге ұрып тұр. Мысалы, бағдарламаны іске асырушы мемле­кеттік органдардың нақты міндеттері айқындалмаған.

«Бағдарлама мақсаты» деген бөлімінде мақсат­тан гөрі, бағдарлама афоризмдері деген атауға көбірек келетін: «біріншіден, мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің негізгі факторы. Екіншіден, дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың күш-қуаты», - деген сияқ­ты байламдар орын алған.

Бағдарламаның тағы бір басы ашылмаған тұсы - «Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету» деп жазылған міндеті. Біздің заңнамалық түсінігімізде «Қазақстан халқының тілі» деген ұғым жоқ, оның орнына «мемлекеттік тіл» және «этностық тіл» деген ұғым бар. Сол себепті аталмыш міндет «Қазақ­стандағы этностық тілдерді сақтауға мемлекет тарапынан қолдау» болып түзетілуі керек.

Енді бағдарламаның мақсатты индикаторына келейік. Егерде орыстілді мектептерде қазақ тілі пән ретінде ғана санаулы сағатпен он жыл бойы оқы­тылса, оның нәтижесі мемлекеттік талап­қа жатқызылмастан, ҰБТ нәти­жесін жоғары оқу орындарының талабына айналдырмай, билік «Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 100 пайызға дейін» қалай жеткізетіні түсініксіз.

Мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке таратудағы шаралар жүйесі де аздық етеді. Мемлекеттік тілде сөйлеушінің кемел бейнесін қалып­тастыру үшін телешоулар ұйымдастыру, фильмдер мен клиптер, БАҚ құрал­дарын қолдау аздық етеді. Ғылым мен техника, коммерция және тұтыным, дип­ломатия, жарнама т.б. салалардағы қазақ тілінің қолданысына да арнайы тоқталып, мақсат-міндет қою керек еді.

Осы сияқты кемшіліктерді саралап, қанша талдасақ та биліктің мемлекеттік тілді дамытуға ықыласы жоқ екені сезіледі. Президент Ақордасындағы аппараттық жиналыстардың бәрі тек орыс тілінде өтетіні қалай? Мемлекеттік тілге билік осылай қараса, өзгелерге не жорық?

- Жұрт арасында сіз бастаған тәуелсіздік үшін күресіп жатқан азаматтарға қарсы айтылып жүрген сыни пікір көп. Яғни биліктің ешқашан жеңілмейтіні жөнінде алуан түрлі әңгіме бар. Сіздіңше, бұл жөні дұрыс сөз бе немесе биылғы еңбектеріңіз өткен жылғыдан қалай болуы мүмкін?

- Өткен жылы үкімет билігі бүкіл Қазақстан республикасының халқын өзінің негізгі бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлт» жасауға талпынды. Бұл шараны ерекше асығыстықпен орындағысы келді. Барлық ұлттан бір ұлт жасайтын бұл идея басын көтерсе, тек қазақтар ғана емес, еліміздегі әрбір ұлт өкілі ұлттығын жоғалтар еді. «Мен қазақпын», «мен ұйғырмын», «мен кәріспін» деп жазу тұрмақ, ол туралы айтуға болмайтын кезге жол ашылар еді. Алды орыстандырудан басталған көш соңы ағылшын­дандыру, яғни тұтас жаһан­дану­мен барып аяқталар еді. Билік тарапынан жоспарланған бұл төңкеріс - біле білген адамға әрбір ұлттың ұлттығына төнген зор қауіп еді. Дәл осы тұста бұл шараға қарсы мен аштық жарияламақшы болдым. Демокра­тиялық, оппозициялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, зиялы қауым өкілдері, белгілі өнер, білім, ғылым қайраткер­лері, атап айтсақ: А.Әшімов, М.Мырзахметов, Д.Исабеков, Ғ.Қабышев, С.Сматай, Н.Нүсіпжанов т.б. және республика аумағының түкпір-түкпірінен 4 мыңнан астам адам бізбен бірге аштық жариялауға дайын екендіктерін білдірді. Осындай жал­пылық сипат ала бастаған толқулардан тізгінін тартқан билік ұлт мүддесі жолында ортақ келісімге келуді ұсынды.

Талқы кезінде доктринадағы «қазақ­стандық ұлт» идеясын түбірімен алдыртып тастадық. Және «Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті» деген сөйлем ендірдік. Бұл бәріміздің рухани жеңісіміз еді. Доктринаға Президент қол қойды. Бірақ 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту бағ­дарламасында аталмыш сөйлем мүлде ескерілмеген. Бұл биліктің ойыны емей, немене?

- Президент Назарбаев Алматы облысының Қызылағаш ауылына барғанда: «Оралмандар отанға еш нәрсе берген жоқ», - деген болатын. Сіздіңше қалай, шеттен келген қаракөздер, президент айтқандай, Қазақстанға үлес қосқан жоқ па?

- Шетелден көшіп келіп жатқан қандастарымыз туралы әңгіме қозғасақ, бұл арада да қордаланған мәселелер толып жатыр. Қазақ халқының 5 миллионға жуығы өзге алыс-жақын шет мемлекеттерде тұрып жатыр. Оларға жаппай өз отанына көшуге жағдай жасау арқылы демографиялық, тіл, дін тұрғысындағы мәселелер аз да болса шешімін табар еді. Осы оралмандардың біразы тарихи отанын аңсап, елге оралды. Бірақ бұл ретте азаматтық алып, құжат жасатып, жеңілдік алу үшін белгілі деңгейде құзырлы орындарға пара беруі жазылмаған заң ретінде қалыптасты. Бұған қоса, кезінде Парламентте оралмандар орыс тілін білуі керек деген заң қабылданып кетті. Ол жерде А.Айталы екеуміз қарсы дауыс көтердік. Әйтсе де, ұлтсызданған депутаттар жеңіске жетті. Ал Президенттің жаңағы сөзіне келсек, оның терең ойланбай, атүсті айтыла салған сөз екені айдан анық.

- Мұхтар аға, еліміз Кедендік одаққа кіргеніне 2 айдай уақыт болып қалды. Осы уақыт аралығында ел экономикасына тигізген Кедендік одақтың пайдасын көре алдыңыз ба?

- Ең алдымен Кедендік одақ тең одақтар бірлестігі емес. Одақ болғаннан кейін тең құқылы, бірдей дауыс мөлшері бар мүшелер бірігуі керек еді. Қалай айтсақ та, ол ел экономикалық, демо­графиялық жағынан да бізге одақтас бола алмайды. Осы уақыттарда жан-жақты қымбатшылық орын алып келеді. Билікте жүрген азаматтардың бірі  Мәулен Әшімбаевқа осы жөніндегі нақты дәйектерге негізделген «Тәуел­сіздікті қорғау» ұйымына мүшелікке өткен қоғамдық ұйымдар­дың, экономист ғалымдардың зерттеу­лерін, ұсыныстарын білдірдік.

Жалпы, қай кезде де, отарлаудың басы ең алдымен экономикадан басталған. Экономиканы жаулап алған соң, ол елді уыста мықтап ұстап отыруға болады. Одан кейін төлқұжат, ақша ортақ болады, онан соң шекара ортақтасады, одан барып тәуелсіздігіміз жойылатыны анық. Биліктің осындай қауіпті қадамға не үшін барып отырғаны түсініксіз. 16 млн. халық санымен ғана өзінен қаншама есе үлкен алып империяның барлық тосқауылдарына төтеп беремін деп ойлау - өте жаңсақ, шатасқан ұғым. Сондай-ақ одақтас елдердің басшысы болған кеңестік Ресей мен қазіргі Федерациялық Ресейдің ұстанып отырған идеясы - жер мен көктей.

Өткен дәуірдегі интернационализмді дәріптеу идеясы қазір түбірімен жойылған. Тіпті әке-шешесімен орыс тілінде емес, өз туған тілінде сөйлескені үшін ол адамды ойланбай өлімге қиятын адамдары бар елде шовинизм жалауы желбіреп тұр.

Өз қарамағындағы ұсақ ұлттарды референдум арқылы жоюға негіздеп, ұлттық мектептерді жаппай жауып, тек орыс тілінде білім беретін мектептерді ғана қалдырып жатыр. Сталин, Хрущев, одан кейін Брежнев заманында да Кеңес Одағының билігі көтеріліс пен наразылық туып кете ме деп қауіптенсе, қазіргі Ресей ашықтан-ашық қалт қадамдарға қиналмастан барып отыр. Кедендік, тарифтік аспаптарды түгел­дей өз қолына ұстаған Ресей Қазақ­станның болашағын ойлайды деп айта алмаймын.

- Осы күні қоғамда саясаттың емес, діннің мәселесі күйіп тұр. Өзге дінді айтпағанда, өзіміз сеніп жүрген ислам өз ішінен сиырдың бүйрегіндей сан тармаққа бөлініп, жастарымыздың арасына іріткі салып жатыр. Діннің мұндай қызметіне билік те еркіндік жасап отырған сияқты. Қоғамдағы адам сенімін улап жатқан мұндай жағдай сізді алаңдатпай ма?

- Дін алауыздығы жалпы ел арасына бұрын-соңды болмаған деңгейде іріткі салуда. Қаншама ғасырлардан бері ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан діні - ислам. Кейінгі тарихи жағдайларға сай орыстандыру кезеңінде христиан діні қазақ жеріне орнықты. Ал қазіргі қазақ елімізде не көп - дін көп. Тіркелгені бар, тіркелмегені бар, олардың ұзын саны 4 мыңнан асып жығылады. Бір дінде ұйып отырған халықты жік-жікке бөліп, сансыратып қою - біреулер үшін өте пайдалы, саяси басқыншылық жол. Мысалы, Америка жыл сайын діни адасу­шылық тудыратын әртүрлі мақсатты секталар мен ұйымдарды қаржы­лан­дыру үшін 11 млрд. доллар көлемінде қаражат бөлсе, оның үлкен бөлігі Қазақстанға қарай құйылып жатыр. Алыс-жақын көршіле­рімізде мұндай оспадарсыз шараларға шектеу қойы­лады. Ал бізде шеттен тық­сырылған діни ұйымдарға, жаңа ағымдарға, басбұзар діндерге құшағы­мыз айқара ашық. Себебі, Қазақстан көп конфессиялы діндер орталығына, басы ешқашан бірікпеген діндердің тос­қау­ылсыз еркін өмір сүріп жатқан мекеніне айналып отыр. Дін алауыз­дығынан халықты таза ислами жолға қайтаруға Қазақстан Мұсыл­мандары діни басқар­масының күші жетпейді. Және билікке қиғаш көрініп қаламыз ба деп қорқады. Бұл арадағы проблема - шаш етектен.

- Мұхтар аға, сіз әдебиетте өзіндік мектеп қалыптастырған ақынсыз. Замандас, аға-бауырларыңыз мүшәйраға қатысып, жүлде алып жатыр. Шығармашылығыңыздың тынысы не болып жатыр, жазған-сызғандарыңыз оқырман қолына тиіп жатыр ма?

-Тыныш қана үйде жатып, шығар­машылықпен айналысып отыру, әрине, маған да ұнайды. Бірақ қоғамдағы барлық мәселелердің зоры - ұлт мүддесінен сырт қалу азаматтыққа жатпайды. Жақында ғана «Қырғыз Эвересі және оны қоршауға құлшынған бұлттар» атты Шыңғыс Айтматов туралы эсселер кітабын жазып біттім. Бұл кітапта ұлтсыздану, орыстандыру идея­сының шығуы, қанат жаюы және космополитизм туралы екеуміздің сырласуымыз, өзіміз куә болған әртүрлі өмірден алынған мәнді, мағыналы, қызықты оқиғалар туралы баяндалады.

Бүгінде кітап шығару біз сияқты қалтасы тесік адамға зор проблема болса, оны қалың оқырманға жеткізу одан да қиын шаруаға айналған. Қазір сауда нүктелерін түгелдей Ресей баспаларының өнімдері жаулап алған. Тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан, кезінде оқырмандарымыз таласа-тар­маса оқыған Шыңғыс Айтматов екеуміз бірлесіп жазған кітап жұмыс орнымда қаланып тұр. Қазақ тіліндегі кітаптар ешкімге керек емес сияқты. Әлде бұл да қазақ тіліне қарсы жасалған шара­лардың бірі ме?

-Әңгімеңізге көп рақмет!

 

Жұқамыр ШӨКЕ,

Жанна ИМАНҚҰЛОВА

«Общественная позиция» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452