Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4108 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 13:55

АТА-ЗАҢДЫ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ УАҚЫТЫН СОЗУДЫ СҰРАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Президенті  

Н.Ә. Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ


Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы Өкіміңізге сәйкес өзіміздің пікірімізді жеткізуді тура деп санадық.

1. Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауы  2017 жылғы 26 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өткізу мерзімі өте қысқа. Себебі мемлекеттің  және бүкіл халықтың болашақ дамуын шешетін Конституцияны әрбір ҚР азаматы оқып, түсініп, өз пікірін референдум арқылы жеткізуге құқылы. Дүниежүзілік тәжірибеде Конституцияның бір бабын немесе бір тырнақшасын өзгерту бүкіл халықтық референдум өткізіліп  шешіледі. Сондықтан біздің ұсынысымыз  «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» саяси шараны 3 айға созып, өзгеріс тек референдум арқылы өткізу керек. Оған қосымша айтарымыз бүгінгі Конституцияда Ата заңымызды өзгерту туралы  «бүкілхалықтық талқылау» деген түсініктеме  жоқ.

2. Жиырма жыл бойы Республиканың бүгінгі таңдағы қолданылып жүрген  Конституциясы аясында әлемге танымал тәуелсіз мемлекет құрдық, ол  қалыпты және жемісті өмір сүріп келеді. Осы 1995-шы  жылғы Конституцияға  өіңіз жоғары баға беріп келдіңіз, біз Сіздің пікіріңізбен келісеміз. Кәзіргі Конституциядағы «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi», деген 26-шы бап жеткілікті, оны өзгерту керек емес.

ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов және Сіздің кеңесшілеріңіз, заңгерлеріңіз бұл баптан «Қазақстан Республикасы азаматтары» деген сөздерді неге алып тастап отыр? Қазақстан тәуелсіз мемлекет емес пе, оның азаматтарының (қазақ және басқа да ұлттардың ) құқығы неге ескерілмейді? Оның орнына   «1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады» 26-баптың 1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын делінген. Яғни «Әркім» дегеніміздің мағынасы  ҚР азаматтарынан басқа шетелдіктер де (Машкевичтер, Кимдер, Лушковтар, Гусинскийлер және басқалар) кіреді. Бұны халық түсінбесін деп қитұрқы әрекеттерге билік барып отыр. Оның себебі  шетелдік монополистердің және Трансұлттық корпорациялардың (Тенгиз –Шевройл, Миттал Акселор стил, Қытай мұнай компаниясы және тағы басқалар) тапсырмасы бойынша болашақта Қазақстанның жері мен байлығы,  меншігі, мүлкі шетелдік олигархтарға сату жолын заңдастыру болып отыр.

Қазақ халқының болашағын ойлап, біздің талабымыз кәзіргі қолданудағы Конституцияның  26-бабы өзгеріссіз қалуы керек.

Ал Республика Президентінің  өкілеттігін Парламент пен Үкімет арасында  қайта бөлу  жөніндегі ұсыныстарды қолдаймыз.

Д.С.Ахметова                                          

Г.Ахетова 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404