Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3507 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 09:54

Атамбаев: Қырғыз президенті кім болатынын Мәскеу шешпейді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Euronews телеканалына берген сұхбатта Ресей президенті Владимир Путин өзінің сапарында Кремльге кімнің президент болуы лайықты екенін меңзейді деген сөздерге жауап берді.

Оның сөздерінше, бұл абсурд.

«Бұл жөнінде елді абсурдтық жағдайға жеткізген кейбір саясаткерлер айтып жүр. Қырғызстан барлық көршілерге тәуелді болды. Олар газ, электр бермей қойып, шекараны жауып тастауы мүмкін еді. Біз қазір мүлдем басқа елміз. Владимир Путин бұл үшін келе жатқан жоқ. Бізге талқылайтын мәселе жетеді. Ал президент кім болу керектігін не Мәскеу, не Вашингтон шешпейді, Қырғызстан азаматтарының өздері шешеді. Маған сеніңіздер. Бұл енді тіпті басқа мемлекет. Біз өз мәселемізді өзіміз шешеміз», - деді Алмазбек Атамбаев.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстанға сапары ақпан айының соңында жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435