Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2945 1 пікір 17 Ақпан, 2017 сағат 13:53

Еуроодақ Атамбаевтан күзде әділ президенттік сайлау өткізуін сұрады

Еуропалық одақтың шетел істері және саяси қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини Брюссельде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілділігі.

Адам құқығы мен әлеуметтік теңдік туралы сөз қозғаған Могерини Қырғызстанды "демократияға негізделген саясатты жалғастыруға, адам құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға" шақырды.

Могерини Еуропалық Одақтың демократияны дамыту мен экономикалық өсімді қамтамасыз етуде Қырғызстан билігіне көмектесе беретідігін атап өтті. Бұған қоса ол Қырғызстанда сайлау жүйесін реформалаудағы жетістіктерін айтып, биыл күздегі президенттік сайлаудың ашық әрі әділ өткізудің маңыздылығына тоқталды.

Атамбаевтың Брюссельдегі ресми сапары қарсаңында Қырғызстан соты адам құқығын қорғаушы Әзімжан Асқаровқа өлім жазасын күшінде қалдыру туралы шешім шығарған еді. Ұлты өзбек азаматтық белсендіні 2010 жылы Маусым оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған, кісі өлтіруге қатысқан деп айыптады. Адам құқығын қорғаушыны босатуды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті мен халықаралық ұйымдар талап еткен болатын.

Абай-ақпарат

1 пікір