Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2855 0 пікір 15 Ақпан, 2017 сағат 11:50

Мирзияев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

2017 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзбек әріптесін арнайы шақырған.

Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық қызметтің хабарлауынша, сапар барысында стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады.

"Өткен жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында екі жақты қарым-қатынас белсенді дами бастады. Соған байланысты, шешілуі тиіс көптеген сұрақтар туындады. Осы орайда, екі мемлекет басшысының кездесуі өте өзекті болып отыр" , – деді Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі дереккөз.

Бұған қоса жақын уақытта тағы бірқатар екі жақты кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Атап айтқанда, Қорғаныс және әскери-техникалық әріптестік жөніндегі жаңа министрлік өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Өзбекстанға сапарлап барады. Ұлттық темір жол операторлары делегациялары да кездеседі.

Елшілік мәліметі бойынша, биыл екі ел арасында ресми сапарлар көп болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретіндегі алғашқы сапары Ресейге жасалады. Өзбекстан мемлекет басшысының Ресейге сапарына дайындық басталып кетті.

Абай-ақпарат

0 пікір