Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3106 0 пікір 14 Ақпан, 2017 сағат 13:45

Сағынтаев EXPO көрмесіне қатысты сынға жауап берді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев EXPO-2017 көрмесін өткізуге көп қаражаттың жұмсалып жатқанына қатысты сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алда үш ай  EXPO көрмесін өткізу керек. Мен түсініп отырмын, адамдардың көпшілігі неліктен сонша қаражаттың жұмсалғанын түсінбей жатады. 13 миллиард теңге бар, оның ішінде Алматыдағы Универсиада ойындарын өткізу барысында үнемдеген 4 миллион теңге бар. EXPO көрмесін өткізу Астанаға ғана емес, бүкіл елге әсер етеді. Сондықтан бұл көрмені жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің беделін көрсететін айтулы шара етіп өткізу керек. Меніңше, біз EXPO-ны өте жоғары деңгейде өткіземіз", - деді Сағынтаев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, премьер-министр Универсиаданың ұйымдастырушылары мен жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға алғыс айтып, Мәдениет және спорт министрлігіне Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, олардың бапкерлеріне тиесілі төлемақыларды дер кезінде беруді тапсырды.

"Сәйкесінше қаулы дайындап қойыңыздар, ұзаққа созбай премьер-министрдің кеңсесіне әкеліңіздер. Содан Алматы әкімдігімен біріге отырып құрылған спорт ғимараттары мен нысандарын әлі қарай қолдану мәселелерін шешу керек. (...) Әсет Өрентайұлы (Астана қаласының әкімі Исекешев - автор.), сіз министрлікпен және Бауыржан Қадырғалиұлымен (Алматы қаласының әкімі Байбек - автор.) сөйлесіп, олардың осы жұмысты қалай жүргізгенін біліп алуыңызды сұраймын. Себебі Астанада мұндай нысандар өте көп, тәжірибемен бөлісу керек", - деді Сағынтаев.

Абай-ақпарат

0 пікір