Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2589 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 10:01

Терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полициясы 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысының аудандарында бірнеше арнайы операция өткізіп, солардың нәтижесінде 15 күдіктіні ұстады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

"Терроризмді насихаттау, террористік әрекетке дайындалу, діни алауыздық туғызу және заңсыз қару сақтау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен барлығы 15 адам ұсталды. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың белгілері, діни әдебиет пен электрондық материалдар тәркіленді", - делінген арнайы қызмет таратқан ресми ақпаратта.

Арнайы операцияға қатысты басқа да мәліметтер, ұсталған күдіктілердің есімдері жарияланбады.

Абай-ақпарат

0 пікір