Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3097 0 пікір 17 Қыркүйек, 2010 сағат 10:12

Шынымен де қызық екен

«Абай.қз» ақпараттық порталының Астанадағы Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіші жайлы талай әңгіме қозғағаны туралы қалың жұртшылық хабардар. Жақында біраз айқай-шудан кейін осы ескерткіш ашылғанда «Не де болса әділеттілік орнаған шығар, бүгінгісіне де тәубе» деп қалғанбыз.

Алайда, күнделікті әдетімізбен қазақ газеттерінің топтамасын алып, редакцияға келгенде көзіміз демалыстан енді шыққан «Қазақстан» апталығының бірінші бетіне түсті. Онда Ғалым Қайыржанның «Бір басқа екі бас киім аз ба, көп пе?» деген атышулы ескерткішке арналған мақаласы жарияланыпты. Автор ескерткіштегі Жәнібек бабамыздың мүсінінің басында қалпақ, қолында дулыға тұрғанын байқап қалыпты. Баяғы Кеңес заманында Лениннің осындай ескерткіштері бар екен деп күлуші едік. Батыр бабаларымыздың ескерткішіне қарап «қап, әттеген-ай» дегеннен басқа лажымыз қалмады. Шынымен де қызық екен...

«Абай-ақпарат»

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. Бір басқа екі бас киім аз ба, көп пе?!

Ауыз бекітердің алдында, Астанадағы досым қызын ұзатып, тойға бардым. Ай көрмесең адасып қалатындай ғаламат қарқынмен салынып жатқан бас қаланы араладым. Көз қуантар көрікті жерлерінде болдым. Тәу етейін деп, алтын бастары дауға айналған КЕРЕЙ мен ЖӘНІБЕК хандардың ескерткішіне келдім. Сұлық тұрып қалдым. Жәнібектің үстінде көк сауыт, бір қолында найза, бір қолында дулыға, басында айыр қалпақ. Бұл не? Бейбітшілік заманда басшы, ат ауыздығымен су ішкен күн туса батыр болғандығының белгісі ме? Жоқ, әлде, дулығасын шешіп тұрған бабаның басынан күн өтіп, мұрыны қанап қалар деген «жанашырлық» па?! Қазақ мемлекеттілігінің іргесін қалаған қос қаһарманға жылға таяу созылған ырың-жырыңнан кейін көрсетілген қошеметтің түрі осы болса, келешектегілерімізге құрмет қандай болмақ?!

Мен соны ойлап, күйзеліп қайттым.

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №26 (317), 16.09.2010

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420