Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7278 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 13:36

ЕУРАЗИЯ АРНАСЫ ҚАЗАҚТЫ КЕЛЕМЕЖДЕУІН ҚАШАН ҚОЯДЫ?

Жерді жалға беру мәселесі ушыққан кезде қара халықты "ақшаға сатылды" деп күстаналаған "Еуразия" арнасы қазақ ұлтын тағы келемеждеді. Бұған дейін бұл арнаның ұлтқа, мемлекетке қарсы жүргізіп оттырған саясатын бірнеше мәрте сынаған болатынбыз. Бұл жолы "Алтын домбыра" айтысын эфирден береміз" (қараңыз) деп алаулатып жарнамасын жасап алып, бүкіл көрерменін алдап кетті. 

Abai.kz порталының оқырмандары бізге хабарласып, "Еуразия" арнасынан "Алтын домбыра" айтысының не үшін көрсетілмегенін сұрап жатыр. Біз арнаға арнайы хабарласып едік, толыққанды жауап ала алмадық. 

Айтыс қазақ ұлтының - ұлттық құндылығы. "Сол құндылықты эфирден көрсетеміз" деп көрермен жинап алып, сөзінде тұрмау халықты келеке ету емес пе? Осы сұраққа жауап алу үшін "Алтын домбыра" айтысын ұйымдастырушы Жүрсін Ерманға хабарласқан болатынбыз. 

Жүрсін Ерман: 

- "Еуразия" арнасы айтысты бастан аяқ түсірді. Содан кейінгі уақыттарда арна айтыстың жарнамасын өте жақсы жасады.  Ел "айтысты 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында эфирден көретін болдық" деп күтті. Бірақ, неге екенін қайдам, айтыс эфирге шыққан жоқ. Мен тілім жеткен жерге дейін айттым. Газеттер арқылы мәселе көтердім. Үкімет басына дейін хат жібердім. Сөзімді құлаққа ілген бір адам жоқ. 

"Еуразия" арнасына айтыс өз жарнамасын жасау үшін қажет болғаны ма? Елдің тілегін неге орындамайды? Бұлай мемлекеттік деңгейдегі арнаның қазақ ұлтының құндылығына мұрнын шүйіре қарауы елдің ашу-ызасын туғызатыны анық. 

"Еуразияның" менбілемдігі қашанғы жалғаса бермек?

Онсыз да басынан дау арылмаған сол айтысты халық әлі де көргісі келеді. Аталмыш айтыста "Алтын домбыра" Мұхтар Ниязовқа, бірінші орын Болатбек Оразбаевқа бұйырған еді. Арна тым құрыса, халықтың көңілі үшін айтыстың финалын көрермен назарына ұсынуы керек деп ойлаймыз.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320