Жұма, 22 Қараша 2024
6857 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 11:29

ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАҒА ЖОЛАТПАУ САЯСАТЫ

Енді Қазақстанда азаматтарды бір айдан асатын мерзімге туған-туысын аралап, яки жұмыс бабымен емін-еркін қыдырыстап жүре алмайтын болды. Бір айдан асатын мерзімге бір елдімекенге барақалсаңыз міндетті түрде уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруға міндеттісіз. Яғни, көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енетін болды. 

Енді тұрғылықты жерінен тысқары жаққа бір айдан асатын мерзімге барған әр қазақстандық мемлекеттік баж салығы ретінде 227 теңге төлеп, әрі халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы тиіс. Бұл талап қонақүйде тұрып, өзге қалада жұмыс істейтін адамдарға да, өзге қаладағы ауруханада жатып ұзақ емделетін адамдарға да қатысты. Алғашқыларын қонақүй орналасқан мекенжай, ал екіншілерін емделетін орны бойынша тіркейді. Бұл талапты орындамағандарға жеті АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады.

Билік уақытша тіркеу тәртібі азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шектемейтінін, әрі халықаралық тәжірибеге сәйкес енгізілгенін айтады. 

Бірақ, Астана мен Алматы секілді қалаларда қарапайым халық күнкөріс қамымен сабылып жүрген жоқ па? Оларды қайтпекпіз? Оларға ондай тіркеуді кім береді? Қонақүйлерді жағалай ма, жұмыс орнына тіркеле ме? Тіркеуге алғыштар тағы да ақша табудың жолын таңдап, қарапайым халықтың қалтасын қағуға кірісіп кетпей ме?
Мұндай тіркеудің қиындығын алғаш болып қазақ көреді. Себебі қазір ұлтымыз ұлы урбанизацияны басынан өткеріп жатыр. Осы урбанизация қарқын алған кезде оны тіркеумен шектемек болғандардың ісі күлкімізді келтіреді. 
Уақытша тіркеу тәртібі талабын орындауға кіріскенде билік сөзсіз қарсылыққа тап болады. Себебі, шикі заң ешкімге де опа бермейді.
Шәріпхан Қайсар
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320