Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2746 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 05:35

Алты қытай ауруханаға түсті. Олардың қазақ жiгiттерiмен төбелесуiне не түрткi болған?

Дүйсенбi күнi Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасына Байғанин ауданындағы мұнай кенiшiнен 6 қытай жұмысшысы тiкұшақпен жеткiзiлдi. Бұлардың төртеуi бастарынан соққы алған болса, екеуiнiң қолдары мен аяқтарына оқ тиген. Сол күнi «Күзеттiң» арнаулы полицейлерi 6 қытайдың амандығы үшiн оларды күзетiп отырды. Iшкi iстер департаментi сол күнi-ақ «Солтүстiк труба» кенiшiнде болған жанжалды «екi құрылыс серiктестiгi жұмысшыларының арасындағы тұрмыстық кикiлжiң» деп жариялап үлгердi. Дегенмен, мұның жергiлiктi жұмысшылар мен қытайлық азаматтардың арасындағы жанжал екенi айтпаса да түсiнiктi. Жанжал неден тұтанды, қазақстандық жұмысшылардан кiмдер зардап шектi деген сұраққа әлi жауап жоқ.

Оқиға өткен жұма күнi кешкiлiк болған. Байғанин ауданындағы жер­гiлiктi азаматтармен хабарласқанымызда, олар қақтығысты тұтандыруға қытайлық жұмысшылар себепкер екенiн айтады. «Солтүстiк труба» - Байғанин ауданының орталығы Қарауыл­келдi елдiмекенiнен 60 шақырым жерде орналасқан елсiз дала. Бұл жерде мұнай өндiрiлiп жатқан жоқ (қытайлықтар негiзiнен Ақтөбе облысындағы Жаңажол және Кеңқияқ кенiш­терiне ие). Осы аумақта негiзiнен құ­ры­лыс жұ­мыс­тарымен айналысатын екi серiк­тестiк және олардың мүлкiн күзететiн бiр күзет бөлiмшесiнiң жiгiттерi ғана вахталық ауысыммен жұмыс жасайды.

Қақтығыс мынадан шыққан сияқты. Күзет серiктестiгiнiң жiгiттерi қытайлық операторлардың   өздерiне бекiтiлген «Солтүстiк труба» кенiшiнен емес, жер бетiнде мұнайы қалқып жатқан, әлi игерiле қоймаған орындардан мұнай ұрлағанын бiрнеше рет байқап, ескерту жасайды. Тiптi, олардың бұл әрекетiн   қар­жы полициясы мен прокуратураға да хабарлайтынын жеткi­зедi. Қытайлықтар игерiлмеген нүктелерден мұнай ұрлауды жалғастыра бередi. Күзетшi жi­гiттердiң ескертуiне құлақ аспайды, баратын жерiңе бар дегендей ыңғай танытады. Ақыры осындай келiспеу­шiлiктiң соңы қытай мен жергiлiктi мұнайшы жiгiттердiң қақтығысымен аяқталған. Күзетшi жiгiттердiң бiрi «дробовик» мылтығымен аспанға оқ атқанда, шашыраған бытыралары екi қытайдың қолы мен санына тиген. Ал ендi 4 қытайды кiмдер сабады, бұл жағын тергеу iсi анықтайды. «Төбелестi қытайлықтар бастады» дейдi Байғанин ауданының азаматтары. Олар жергiлiктi жұмысшылардың   қытығына тиетiндей нендей әрекеттерге барды? Осы жағы мұқият анықталуы керек. Қазiр әлгi күзет серiктестiгiнiң жұмысы тоқтатылып, жiгiттердi жұмыстан шығарып жiберген. Бұлардың барлығы да жергiлiктi Байғанин ауданының азаматтары.

Байғанин аудандық iшкi iстер бөлiмiне оқиғаға қатысы бар деген күдiкпен 20-дан астам жергiлiктi азаматтар қамалған. Дүйсенбi күнi кешкiлiк Iшкi iстер министрлiгiнiң осы оқиғаны тексерудi өз құзырына алғанын мәлiмдедi. Қылмыстық кодекстiң 257-бабымен бұзақылық бойынша iс қозғалды.

Ауруханада жатқан 6 қытайлық жұмысшы өздерiн не орысша, не ағылшынша бiлмейтiндерiн ыммен түсiн­дiредi. Олар әлi күнге дейiн зардап шектiк деп арызданған жоқ.

Бұл төбелес тектен-текке тұтанған жоқ. Жалпы, Байғанин ауданында мұнай игеру әлi жөндi қолға алынған емес. Аудан Солтүстiк Каспий ойпатында орналасқан, Атырау облысымен шектесiп жатқан өңiр. Мұнайдың қан­ша қоры жатқаны да жарияланбаған. Ендеше, «Солтүстiк труба» деп ат қой­ған кенiштi игеру құқығы қытайлықтар­ға не үшiн, қашан берiлдi? Бұл неғыл­ған серiктестiк? Кiмге бағынады? Құрылтайшысы қайда? Онда қанша қытай азаматы заңсыз жұмыс iстеп жүр, осы мәселелер жабылып-жасырылмай анықталуы тиiс. Осындағы қытай операторлары кез келген жерден мұнай ұр­лап, көлiктерге тиеп еркiн жүрсе, олардың «крышасының» күштi болғаны ма? Прокуратура, қаржы полициясы не бiтiрдi, әлгi күзетшi жiгiттiң арыздан­ғаны рас болса, бiздiң құзырлы органдар қайда қарады деген сұрақ туады. Кез келген қытай кез келген жерден мұнай қазып ала берген болса, олардың әрекетiне намысқа шыдай алмаған жергiлiктi жұмысшылар ғана қарсы тұрса, бiздiң жерiмiздiң талан-таражға түскенi рас болғаны ғой онда?!

Бiздiң алаңдайтынымыз, Байғанин­нiң жiгiттерiн iшiп алып төбелестi деп жала жауып, шырылдатып соттап жiбермесе... Мәселенiң басы ашылуы керек: төбелеске қытайлардың мұнай ұрлауы себеп болды ма, әлде басқа жағдайлар ма? Мұндай жанжал тектен-текке тұтанбайды.

Баян СӘРСЕМБИНА, Жас Алаш №76 (15534) 23 қыркүйек, бейсенбі 2010

Ақтөбе

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366