Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 09:28

ҚР әділет министрлігі 2011 жылдың басынан төлқұжаттар мен куәліктерді жедел дайындауға өтініштер қабылдана бастайды деп уәде берді

Астана. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Төлқұжаттар мен жеке куәліктерді жедел дайындауға өтініштер 2011 жылдың басынан қабылдана бастайды, деп хабарлайды ҚР әділет министрлігі.

«Еске сала кетейін, төлқұжаттар мен жеке басын куәландыратын куәліктерді жедел дайындауға өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылғандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке басын куәландыратын құжаттар екі айда беріледі. Бұл мәжбүрлі және уақытша шара, келесі жылдың басынан жедел дайындаудың үш категориясы да қалпына келтіріледі», - деді ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет.

Бірақ шұғыл қажет болса, азаматтар құжаттарды жеделдетілген тәртіппен жасата алады. Мысалы, егер адамға жедел іссапарға, емшараға, шетелге кету қажет болса, ол ХҚКО-ға немесе әділет басқармасына ерікті түрде жазылған өтінішті жағдайын қуаттайтын құжаттармен қоса (жүру билеті, елшілікке шақыру, іссапар куәлігі, мемлекеттік органдардың, спорт ұйымдарының өтініші және т.б.) тапсыруға тиіс.

Е. Ерімбеттің айтуынша, өтініштерді қабылдау үш себеп бойынша тоқтатылған, соның ішінде азаматтардың жеке идентификациялық номер (ЖИН) алуға жаппай өтініш беруі де бар. Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, ел азаматтарына құжаттарын ауыстырып, ЖИН алуға 3,5 жыл берілді. Алайда үш жыл бойы азаматтар белсенділік танытпаған.

Сондай-ақ, тағы бір себеп – 2009 жылдан бастап электронды чиптары бар пластик куәліктердің енгізілуі, бұл жағдай да азаматтардың өтініштерін көбейтті.

«Үшінші себеп – Еуроодақтың виза кодексін қабылдауы. Ол кодекске сәйкес, 10 жылдан асқан төлқұжаттарға Шенген визасы берілмейді», - деді Е. Ерімбет. «Осыған байланысты, өткен жарты жылдың ішінде құжаттарын ауыстыруға 1 миллион 600 мың өтініш түскен. Қазіргі уақытта жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыруға 640 мыңнан аса өтініш қаралып жатыр», - деді ол.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, күн сайын орташа есеппен 5,5 мың өтініш түседі. Ал құжаттарды жасайтын екі зауыттың ең жоғарғы қуаттылығы тәулігіне 6 мың куәлік пен 3 мың төлқұжат.

«Осыған байланысты аталған кәсіпорындардың жұмыс кестесі ұзартылды, сенбі күнгі жұмыс күндері де ұзартылды. Енді өндіріс көлемі күніне 14 мың құжатты құрап отыр»,-деді әділет министрлігінің өкілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366