Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Біздің шенеунік 5997 0 пікір 9 Маусым, 2015 сағат 12:47

АЛМАТЫДА КЕПТЕЛІС. АЛ, ӘКІМ ШВЕЙЦАРИЯДА ВЕЛИК ТЕУІП ЖҮР

Алматыда күнде кептеліс. Таң біліне тоқтамай жауған жаңбырдан болар көшедегі кептелістің бүгінгі түрі тіпті жаман. Белгілі әнші Еркін Шүкіман «Алматыға келгелі мынандай пробка көрмеппін. Жаңбыр жауса о несі екен? Минутына бір метр алып келеміз. Жолды реттеу деген жоқ. Асыққанда тіпті қиын екен...» деп жазады әлеуметтік желідегі жеке парақшасында (сурет Е. Шүкіманның жеке парақшасынан алынды). Ал, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов болса, тап осы уақыттарда Шевейцарияда шалқайып, велошабандоздық өнерін көрсетіп, серуендеп жүр.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өзге де делегаттармен бірге 2022 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге кандидат Алматы қаласының презентациясын жасау үшін Швейцарияның Лозанна қаласына келген болатын деп хабарлайды Baq.kz

Бүгін таңертең ол олимпиадалық қозғалыстың "жүрегі" саналатын осынау қалада велошеру ұйымдастырып, көрікті жерлерде серуендеп қайтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын өткізуге екі үміткер таласып жатыр. Олардың бірі Алматы болса, екіншісі - Қытай астанасы Бейжің. Қос кандидат өз презентацияларын 9 және 10 маусым күндері таныстыратын болады. Ал, екі қаланың қай жеңгені 31 шілде күні Куала-Лумпур қаласында анықталады.

Айтпақшы, ақ олимпиаданы өткізу үшін барып салып жатқан Қазақстан жуырда дәстүрлі емес жыныстық қатынасқ тиым салатын ел заңын өзгертті.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048