Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5187 0 пікір 5 Мамыр, 2015 сағат 17:38

МҮЛКІҢІЗДІ ЗАҢДАСТЫРДЫҢЫЗ БА?

Мүлікті жария ету туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Мүлікті жария ету іс-шаралары жоғарыда аталған Заңның аясында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүлiктi жария ету Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жүргізіледі.

Мүлікті жария ету субъектінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерде жүргізіледі.

Мүлiктi жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйектен бері жүріп жатыр және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Мүлiктi жария етуге қатысты құжаттарды қабылдау 2014 жылы 1 қыркүйекте басталды, 2015 жылы 30 қарашада аяқталады.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының, 1 тармағына сәйкес, осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлікті жария ететін, жария еткен, жария ету субъектілеріне қолданылады.

Жария етілетін мүлікке қатысты ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін өтініш берген субъектілер жауапты.

 

Мүлікті жария етуге қажетті құжаттардың тізімі

1. Мүлікті жария ету туралы өтініш, 2 дана;

2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (өтініш берген кезде құжаттың түпнұсқасын көрсету керек);

3. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

4. Эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

5. Мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат, бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн өтініш берілген күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен қайта есептеледі;

Шет тілінде рәсімделген құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

6. Алымның төленгенін растайтын құжат.

Мүлікті жария ету үшін алым төлеу

Алым Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiктi, эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесін жария ету кезінде алынады.

Алым мүлікті жария етуге құжаттарды табыс еткенге дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының 10 (он) пайызы мөлшерінде төленеді. Төлем 206110 БКК-на төленеді.

Алым сомасының бюджетке есептелуі алым төленгенін растау болып табылады.

Алматы қаласы, Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария етуге байланысты «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының кейбір баптарын назарларыңызға ұсынады.

ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабына сәйкес қолданылу аясы:

1. Осы заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлікті жария ететін, жария еткен, жария ету субъектілеріне қолданылады.

2. Осы Заңның күші осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты:

1).Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда ), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін оларды кінәлі деп таныған соттың үкімі;

2).Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды.

Жария етуге ұсынылған және жария етілген мүлік туралы ақпарат (5-бап)

Мемлекеттік органдар, ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті.

Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етілген мүлік бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпарат негізінде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттерді, оның ішінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкімшілік және тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөніндегі процестік әрекеттерді жүргізуге тыйым салынады.

Тұрғылықты мекен-жайы Алматы қаласы, Жетісу ауданы болып табылатын тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі мүлкін жария ету үшін жұмыс күндері құжаттарын мына мекен-жайға табыс ете алады: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 2 , 105 бөлме, байланыс телефоны 279-93-45.

Алматы қаласы, Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048