ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ ҮШ ЕСЕ ӨСТІ
Ranking.kz сарапшыларының мәліметіне қарағанда, жұмыс істеп тұрған кредиттерінің саны жағынан ҚТҚЖБ екінші деңгейлі банктер арасында жетекші орынға шықты. Аталған кредиттердің көлемі бір айдың ішінде 15 млрд теңгеден 237 млрд теңгеге көбейіпті. Ranking.kz-тің есебінше, бұл – екінші деңгейлі банктер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. (http://ranking.kz/infopovody/abotajuschij_portfel_zajmov_bvu_rk_prevyshaet_10_trillionov_tenge_za_god_obem_chistyh_kreditov_bez_ucheta_kreditov_s_prosrochennoj_zadolzhennostju_uvelichilsja_na_16_na_136_trillionov_tenge?mcode=banks&infotypecode=infopovody).
Ал Банктің айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда Қызмет көрсету орталықтарына келген клиенттердің саны үш есе артқан. Мәселен, 2012 ж. 1 тоқсанында 36 644 млн. теңгеден аса 5 400 заем беріліп, 52 мың тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған.
ҚТҚЖБ мамандарының сөзіне қарағанда, банк заемдарының халыққа жағымдылығы – кредиттердің тек қана теңгеде берілетіндігінде.
Клиенттер келушілердің легінен біршама қолайсыздық сезінуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін, ҚТҚЖБ алыстан қызмет көрсету амалдарын қарастырып жатыр: төлем терминалдарының желісі кеңейтіліп, egov.kz электронды үкімет сайты арқылы төлем жүйесі жетілдірілуде.
«Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасымен пулдарға қатысушылардан, сондай-ақ екінші нарықтан жылжымайтын мүлік сатып алатын клиенттерден бөлек, Алматы қаласындағы филиал 2014-2015 жылдарға арналған «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасына қатысушыларға да қызмет көрсетеді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ клиенттері үшін жалдау төлемдерін есептейді. Бұл бағдарламаны кейде Қалалық бағдарлама деп те атайды. Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария еткені өздеріңізге мәлім. Соның аясындағы тұрғын үй бағдарламасының маңызы аса зор. Мұны ескере отырып, ҚТҚЖБ филиалдарында тек қана мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларға қызмет көрсететін арнайы кеңесшілер бөлінді.
- Қазір «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасымен салынған пәтерлерді өткізуге байланысты халық легі толастар емес. Біздің клиенттеріміз әлеуметтік тұрғын үйлерді сатып алу үшін ғана заем алып отырған жоқ. Сонымен бірге, екінші нарықтан да пәтер алуда, – деп түсіндірді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Рахиля Балтабаева.
- Жалпы алғанда, біздің өнімдерімізге деген сұраныс күрт өсті. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің көбі теңгемен ипотека беруді тоқтатып қойды, – дейді Балтабаева.
ҚТҚЖБ өкілдерінің айтуынша, мамыр айында Алматыда «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша пул құрылады. Бұл – келушілер легі бұдан да үдей түседі деген сөз. «Клиенттердің көп уақыт кезек күтіп қалмасы үшін, қазірдің өзінде қосымша жұмыстар басталып кетті», – дейді Алматы қалалық филиалының қызметкерлері.
Abai.kz