АДАМ АЗҒАН ЗАМАН
Францияның Альпі тауларының мұзарт шыңдарында бір адамның, яғни, көмекші ұшқыштың жеке тағдырындағы түсінбестіктің кесірінен, дәлірек айтқанда, 27 жастағы ұшқыш Андреас ЛУБИЦКЕ (суретте) жүкті қалыңдығы тұрмысқа шығуға үзілді-кесілді қарсы болғандықтан, 24 наурыз күні Барселона қаласынан Дюссельдорф қаласына ұшып шыққан Germanwings авиакомпаниясының Airbus А-320 алып ұшағы апатқа ұшырады...
Бір адамның амбициясы – өзімен қосып, жазықсыз 150 адамды ажал құштырды. Марқұмдардың арасында он екіде бір гүлі ашылмаған екі сәби бар (6 экипаж мүшесінің 2-еуі ұшқыш, төртеуі стюардтар мен стюардессалар). Құлаған лайнерде негізінен Германия, Франция, Испания азаматтары, сонымен қатар, 3 қазақстандық болған.
Франция жандармериясы мен құтқарушыларының іздеу жұмыстарының нәтижесінде Альпі шыңында ұшақ апатынан қаза тапқан 78 адамның мәйіті табылып, қан құрамы арқылы кім екендіктері анықталды. Airbus А-320 ұшағының «қара жәшігі» тыңдалды. Lufthansa әуе компаниясының мамандары енді екінші «қара жәшік» табылмай, толыққанды шешім шығарудың қиын екендігін айтады. Әйткенмен, алып ұшақтың апатқа ұшырауының бірнеше себептері белгілі болды:
1. Лайнерді басқарған 1-ші нөмірлі ұшқыш дәретханаға шығып қайта оралғанда, оның 27 жастағы серігі Андреас Лубиц ұшқыштар бөлмесінің есігін ішінен кілттеп алып, есікті есті әріптесіне ашпай қойған. Жүйке аурулары дәрігерінде есепте тұрған бұл жігіт аталған ұшу сапарының алдында сүйген қызымен сөзге келіп қалған көрінеді. Яғни, сүйгенінен айырылып, үмітін үзген жігіт өмірмен қоштасу үшін ұшқыштар бөлмесінің есігін іш жағынан мықтап бекітіп алып, ұшақты Альпі тауларының шыңдарына соқтығысуға туралап салды...
2. 27 жастағы ұшқыш Андреас Лубиц жүйке ауруының ең бір нәзік түріне шалдыққандықтан, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіргенін білгенімен, бұл қасыретті ақырына дейін ақыл-таразысына сала алмады. Үйінен жүйке сырқаттарын емдейтін көптеген дәрі-дәрмектер табылған жігіт қатарынан бірнеше неврологтар мен психиатрлардан ем-дом алған. Лубиц ішімдікке де салынбаған, нашақор да емес.
3. Бұл адамның көру қабілеті де нашар болған және денсаулығында басқа да ақаулар анықталған. Бәлкім, жастайынан ұшқыш болуды армандап, ауқатты ата-анасы бөлмелерін ұшақтардың макеттеріне әрдайым толтырып қойған жас жігіт өзінің балалық арманымен қоштасатынын біліп, жүйкесі сыр берді ме екен?!.
4. «Әуе кемесі төмен құлдилаған сәтте ұшқыштар 8 минут бойы ес-түссіз болған» деген де топшылау бар. Бұл не болды екен?!.
...Бір таң қаларлығы, Францияның Бас прокуроры ұшқыш Андреас Лубицтің қылмысын «қасақана жасалмаған» деген бапқа жатқызып отыр. Оның айтуынша: «Ұшқыш адамдарды өлтіруді мақсат еткен жоқ, оның мақсаты – ұшақты жою болды»...
...Қазір әлем жұрты бұл апаттың лаңкестік әрекет емес, жүйке сырқатының салдарынан болғандығын көңілдеріне демеу етуде. Меніңше, бұл қылмыстың салмағы лаңкестік әрекеттен еш кем емес. Керек десеңіз, бұл – адам баласының азғындығының шыңырау шыңы.
Өзінің жеке тағдыры, жеке өмірі, жеке ой-пікірі, жеке сезімдері үшін ешкім жазықсыз өзге жандардың өмірін қиюға құқылы емес. Бұл – адамзаттың менмендігінің кемел көрінісі.
Осыдан көп бұрын орыстың классик ақыны Фёдор Тютчев «О, как убийственно мы любим» атты өлеңінде мұны анық айқындап кетті:
«О, как убийственно мы любим,
Как в буйной слепоте страстей
Мы то всего вернее губим,
Что сердцу нашему милей!
Давно ль, гордясь своей победой,
Ты говорил: она моя...
Год не прошел – спроси и сведай,
Что уцелело от нея?
Куда ланит девались розы,
Улыбка уст и блеск очей?
Все опалили, выжгли слезы
Горючей влагою своей.
Ты помнишь ли, при вашей встрече,
При первой встрече роковой,
Ее волшебный взор, и речи,
И смех младенчески живой?
И что ж теперь? И где все это?
И долговечен ли был сон?
Увы, как северное лето,
Был мимолетным гостем он!
Судьбы ужасным приговором
Твоя любовь для ней была,
И незаслуженным позором
На жизнь ее она легла!
Жизнь отреченья, жизнь страданья!
В ее душевной глубине
Ей оставались вспоминанья...
Но изменили и оне.
И на земле ей дико стало,
Очарование ушло...
Толпа, нахлынув, в грязь втоптала
То, что в душе ее цвело.
И что ж от долгого мученья
Как пепл, сберечь ей удалось?
Боль, злую боль ожесточенья,
Боль без отрады и без слез!
О, как убийственно мы любим,
Как в буйной слепоте страстей
Мы то всего вернее губим,
то сердцу нашему милей!»
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Abai.kz