Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Қаза 9791 0 пікір 27 Наурыз, 2015 сағат 15:45

ЖАЛҒАННАН КӘРІШАЛ АҚСАҚАЛ ДА ӨТТІ...

Жетпіс тоғыз жасына қараған шағында белгілі қоғам қайраткері, жазушы Кәрішал Асанов дүние салды.

Ол қазақ қоғамының құлағына түрпідей тиетін диссидент атауын арқалап өмір сүрген ерекше тағдыр иесі болды. Ұлтшыл, мемлекетшіл тұлға ретінде үнемі ақиқатты айтуға тырысты һәм сол әрекеті үшін қуғын көрді. Кәрішал ақсақал 1992 жылы «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысын қорлаған» деген айыппен бірнеше ай абақтыда отырды. Сот оны бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, кейін қайта ақтады. Ал, 2001 жылы Елбасын сынаған мақаласы үшін қайтадан жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жолы Асанов өзінің ақиқатын сотта дәлелдеп, жеңіп шыққан еді.

Қолынан қаламы түспеген жазушы ретінде танылып, бірнеше кітап жазды. Ол нағыз халықшыл тұлға еді. Атқарушы билікке аяусыз сын айта жүріп, оппозиция өкілдерімен де бір тудың астынан табылмады. Атақ қумады, қызмет сұрамады. Асановтың атақ-абыройы туралы айтуға оқталғанда, оның 1993 жылы қуғындалған жазушыларға берілетін халықаралық Хеллман-Хэмметт сыйлығын алғандығы мен отандық оппозиция тағайындаған «Азаттық» сыйлығының иегері екендігін ғана айта аламыз.

Кәрішал Асановпен қоштасу 28 наурызда Алматыда өтеді.

 

Abai.kz порталының редакциясы марқұм Кәрішал Асановтың отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қазаға байланысты қайғырып көңіл айтады. 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742