Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4674 0 пікір 20 Наурыз, 2015 сағат 15:15

БЕЛСІЗДІК БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ

Еліміздегі отбасылардың 16 пайызы бала сүю бақытына қол жеткізе алмай отыр екен. Мамандар оның негізгі себептерінің бірі - еркектердің репродуктивтік проблемалары болып табылады дейді.

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында осындай өзекті мәселе сөз болды.  өтті. Отырыста Ұлттық комиссия мүшесі, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бексұлтан Тұтқышевтің айтуынша, ҚР Конституциясының 27-бабы ана мен баланың, сонымен қатар əкенің денсаулығына кепілдік береді. «Ана мен бала денсаулығын сақтауда біз үлкен жетістіктерге жетсек те, өкінішке қарай, ер адамның, яғни əкенің денсаулығын сақтаудағы конституциялық норма бүгінгі күнге дейін өз шешімін таба алмай келе жатыр», - деп атап өтті ол. Ббылтыр бірқатар талқылаулардан кейін алғаш рет ер адамдардың денсаулық мəселесі өз деңгейінде көтерілді. Соның нəтижесінде былтыр Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі емханалар жанынан андрологиялық кабинеттер ашу туралы бұйрыққа қол қойды. «Яғни, бүгінде денсаулық сақтау туралы конституциялық норманы жүзеге асыру қолға алынды. Ер адамдар арасындағы өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші жəне басқа да мəселелер туралы біз жақсы білеміз. Сондықтан бұл өз уақытында қолға алынған шара деп ойлаймын. Енді 5-10 жылдан кейін жағдай тұрақтанады деген үміттеміз», - дейді Б.Тұтқышев.

 Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364