Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкмұнар 6804 0 пікір 9 Наурыз, 2015 сағат 01:03

ГҮЛЖАНАТ

Қойлы ауылдың түтіні-ай! Иісі өз­геше еді! Жусан аңқыған даласын айт­саңшы! – дейді бала кезді аңс­а­ған­­да Гүлжанат Мақұлжанова құр­бым.

Ағаш атқа мініп алып, құ­йын­­дата жө­нелуші едік қой,– деймін сол кезде ба­сымнан өткен бір қы­зық­­ты сәт есіме түсіп.

Таудың арқырап жатқан асау өзе­нінен тас-тасқа секіріп жүріп, екін­ші жағалауға өтіп кетуші едік. Жүрек­жұт­қан екен­біз, иә,– дейді ол қор­қыныш де­ген ұғымды түйсін­бей­тін ба­ла кездегі «ба­тырлығымызға» таңғалып.

Құлап кетіп, мұздай судан та­­лай мал­тып шыққанымыз есіңде ме? – дей­мін «періш­те­міз­дің» мо­лы­нан қаққанын мең­­зеп.

Өрге қарай шығып келе жат­­қа­ны­мызда көк майса шөптен та­банымыз тай­ғанап кетіп, до­ма­лағаннан - до­ма­лап сайдың табанына қай­та түсуші едік қой,– дейді ол ішек-сілесі қата кү­ліп.

Гүлжанат екеуміз кездесе қал­сақ, өміріміздің ең тамаша, қайғы-мұң­сыз күндерін осылай жамыраса ай­тып, мә­ре-сәре боламыз. Сол дар­қан дала Гүл­­жа­натты кеңдікке тәр­биелеп, ойын ер­кін, анық жеткізуге бе­йімдегендей. Тай­салмайтын мі­незді Ақсуды бауырына ба­сып жат­қан Жоңғар Алатауынан ал­ған. Бү­гін­де Ахмет ағаның сары қызы ел­ге танымал журналист. Үлкендердің сө­­зімен айтсақ: «Ағып тұрған ше­шен». Ке­рек жер­де, әсіресе ойын тү­йін­де­ген тұс­та айтарын өлең жол­дарымен төгіп-тө­гіп жібереді. Жү­ректен шыққан сөз осы­­лай­ша жү­рек­ке жетеді. Елпілдеген ақ­көңілділігі Ах­мет ағаның дәл өзі. Ең­бек­қор­лы­ғы анасы Үміт тә­теге тартқан. Ме­­ди­цина ті­лі­мен айтқанда гене­ти­ка­лық коды мықты қойылған. Үміт тәте ке­­зін­­де баланы да тауып, ерінің жағ­да­йын­ да жасай жүріп, көмекші шо­­пан­дықты бірге атқарып, пы­сық­­ты­ғы­мен ел ау­зына ілігеді. Дас­тарқаны жай­нап, үйі тап-тұй­нақтай жинаулы тұ­­ратын ота­насы қонақтарды жар­қыл­дап қарсы алып, жол болсын ай­тып шығарып са­лып, кең­пе­йіл­ді­лі­гі­мен танылады. Үйінің есігі келіп-ке­тушілерге қашан да ашық. Осы қа­сиетін ескеріп, ау­дан бас­шылары Үміт Мақұл­жа­нованы аудандық мәс­­ли­хаттың депутаты етіп сайлайды. Ол бір емес, бірнеше рет қатарынан ел ама­натын арқалайды. Анасының осы қа­сиетін бойына мықтап сіңірген Гүл­жа­нат та журна­лис­тиканың тынымсыз тір­лігін ат­қа­ра жүріп, ері Руслан мен ба­ла­ла­ры Алмат, Малика, Ма­ди­на­лардың бар жағдайын жасап үл­гереді. Үйінен қо­нақ үзілмейді. Та­­бал­дырығын аттап кір­ген жан­­­ның бә­ріне, бала-шаға де­мей «көй­лек» ки­гі­зе­ді. Жөні кел­се, алтын та­ғып жі­бе­ре­тін шү­лен­дігі де бар. Жаны ашы­­ғыш. Жа­бырқамайды. Көңілі қа­шан да көкте. Бәрін жақсылыққа жо­ри­ды. Ырым­шыл.

Көңілінің көкте болатын себебі, ол дү­ниеге келерде дә­рігерлердің алыс­та­ғы қараша ауылға тікұшақ ша­қыр­туымен тікелей байланысты ма деп қа­ласың. Гүлжанат Үміт тәтенің төлбасы. Ауыл акушері жас ана мен іштегі нәрес­те­нің денсау­лығына қа­уіп төнгенін бай­қап, елді мекенге тікұшақ (куку­руз­ник) шақыртып, тол­ғақ қысқан келіншекті орталық ау­руханаға жеткізеді. Сонда үлкендер жа­ғы: «Ойпырым-ай, бұл ауылға ұшақ қонады деп кім ой­лаған?! Ту­май жатып мына пе­ріш­тенің ас­панды бағын­дыр­ғанын қа­рашы?! Не де болса, ерек­ше бір бала дүниеге ке­леді-ау. Ті­лі­міз тасқа! Аман бол­са бұл сәби ата-ана­сының ба­сын өрге сүй­рейді»,– деп кө­­­регендік айтып­ты. Тұңғыш ба­ла қа­шан да ата-әженікі. Гүл­жанаттың ту­ға­нын айтып, сү­йін­ші сұрап келген ауыл адамына Нұр­шан апа қабырғадағы жал­ғыз кілемді жұлып алып береді. Перзент­ха­надан келі­сі­мен нә­ресте бірден Нұршан әженің бауы­рына өтеді. Апасы ауыл-аймақтағы той-томалақта «мен» деген ақын­дармен айтыса ке­тетін тілі орақты, жүректі ше­шен адам болған екен. Жай кез­­дің өзінде мақалдатып, мә­тел­детіп сөй­лейтін көрінеді. Сұң­ғы­ла жан ағайын-туыстың арасында бе­делді. Нұршан апаны сыйлаған ағайын оның қасынан бір елі қалмай, ер­-тоқымының артында жарбиып оты­ратын «бөк­те­рін­ше­гі» Гүл­жа­нат­ты да бас­тарына кө­­те­реді. Сөз сап­тауына дейін апа­­сынан ау­май қал­ған бүл­діршін тілінің тәт­тілігімен ерек­­шеленеді.

...Бір күні орындалған, орын­дал­маған армандар туралы ой бөлістік. Сон­да Гүлжанат: «Мен­де бір арман бар, сол орындалса ғой, – деп сөз бас­тады. Мен таң­ғалдым. Қасымда жүр­ген құр­бымды жақсы білемін ғой. Күнде тәубесін аузынан тас­та­май, ата-анасының бары, аға­йын-туыстың амандығы, отының түзу жанған­ды­ғы үшін Жарат­қанға мың шүкір айтып отыра­тын. Арманым бар дегенін алғаш рет естіппін.

Біз Ақсу ауданының Жаңа­қо­­ғам деген ауылында тұрдық қой, – деп бас­тады ол сөзін. – Әкем бір ша­ңы­рақ­тың үлкені болғандықтан анасына көмек­тесу үшін оқи алмай, жаста­йынан мал бағуды кәсіп еткен. Бірақ барлық бауырының аяқ­танып, қа­тарға қосылуына кө­мектесті. Өзі­нің алты бала­сын түгел оқытып, жо­ғары білім әперді. Бірақ осынша қиын­дық­ты қара нардай бір өзі кө­терген әкем не жақсылық көрді деп ойлаймын. Сол Жаңа­қоғам­да әкем мал баққан қыстау бар еді. Бұ­рын ел соны «Ахмет базы» дейтін. Шіркін, сол жерге «Ах­мет базы» деген тақ­тайша ілі­ніп, әкемнің аты жазылып тұр­са ғой, – деді құрбым. Иә, бұл адал туған перзенттің әкеге деген махаббатын, ризашы­лығын білдіріп тұрған сөз. Күн­дердің күнінде жер­гілікті кар­таға да түсірілсе деген де ойы бар шығар. Дүниеге алты бір­дей ұл-қыз әкелген ата-анада арман бар ма? Оның үстіне бәрі аман-есен. Та­ту-тәтті. Үлкені-кішісін, кішісі үл­кенін қадірлеп тұрады. Ендеше, Ах­мет аға мен Үміт тәтенің бақыты – ба­ла­ла­ры.

Бүгінде Гүлжанаттың тұла бойы тұңғышы Алмат өзімен бірге «Жетісу» телеарнасында қызмет істейді. Танымдық «Таңжарық» бағдарламасының жүргізушісі. Мәдина мен Малика мектеп оқушылары. Ата-анасының аялы алақанын сезіп, мұңсыз өсіп келеді. Гүлжанат Талдықорған қаласының Құрметті азаматы. Кәрі-жастың сүйікті журналисі. «Апта» жаңалықтар топтамасының авторы. Бүгінгі мерейлі мерекеде аты арып, тоны тозбайтын ақкөңіл әріптеске еңбегің жансын, көптің ықыласы көңіліңді аспандата берсін деген тілек тілемекшіміз.

Гүлжан ТҰРСЫН.

Алматы облысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364