Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5116 0 пікір 22 Ақпан, 2015 сағат 10:52

ГОЛОВКИН ТАЙСОНМЕН ТЕҢЕСТІ

Монакода өткен жекпе-жек барысында өзіміздің Гена ГОЛОВКИНіміз кәсіпқой боксшылар арасында орта салмақ бойынша уақытша әлем чемпионы, британдық Мартин МЮРРЕЙді тас-талқан етіп жеңгеннен кейін аты аңызға айналған атақты Майк ТАЙСОНмен теңесті. Қарсыластарын қатарынан нокаутқа түсіру есебі бойынша.

Есімізге ала кететін болсақ, «темір Тайсон» қатарынан он тоғыз рет жасаған нокаут рекордын бүгінгі күнге дейін бірде-бір әлем боксшысы қайталай алмаса, сол рекордтық көрсеткішті «әкем орыс, шешем кәріс, ал мен өзім қазақпын» деп айтудан ешқашан шаршамаған қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН бұзды. Дүниенің қай бұрышында рингке шықса да, үстінен қазақтың ұлттық шапанын шешіп көрмеген Геннадий әуесқой бокста 350, кәсіби бокста 33 кездесу өткізіп, соның бірде-бірінде нокаут алып көрмеген екен. Әлбетте, кәсіби бокста бүгінгі күнге дейін бірде-бір рет жеңіліп те көрген жоқ.

Қазақ елінің көк байрағын желбірете бергейсің, ГЕНА! Қазақ елі қашанда сенімен бірге!

Марат ҚАБДЕШҰЛЫ.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730