Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жөн-ақ 7125 0 пікір 17 Ақпан, 2015 сағат 16:14

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: КОАЛИЦИЯ КАНДИТАТЫ КІМ?

«Адам – партия» атанған саясаткер, «Патриоттар» партиясының төрағасы Ғани Қасымов алдағы айда болуы ықтимал Президент сайлауына үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынуға ниеті барын аңғартты.

«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында сөз алған ол: «Коалиция атынан бір ғана адамның Президенттікке ұсынылуына құқы бар деп ойлаймыз. Ол қазіргі Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!» деді.

Өзі де бірнеше рет ҚР Президентігінен үмітті болған Қасымов қазіргі дағдарыс жағдайында еліміздің жарқын болашаққа бастауға лайық адам ретінде Елбасын атап, барлық демократиялық күштерді осы идея төңірегіне бірігуге шақырды.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы Қазақстан Халқы ассамблеясы айтқан болатын. Ал, осы үндеуді алдымен «Нұр Отан» партиясы қолдаса, Халықтық коммунистер партиясы бұл сайлауға қатысуға әзір екендіктерін жариялап та жіберді.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1087
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2636
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 761
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 728