Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 5735 0 пікір 16 Ақпан, 2015 сағат 08:44

ҚОРЛАУ МЕН КЕДЕРГІ ТАҒЫ ДА БАСТАЛА МА?

«Шетелдегі 5 миллионнан астам ағайынды алаңдатып отырған «Көші-қон туралы» заңды Мәжіліс депутаттарына қазақ тілінде сөйлемек түгілі, түсінбейтін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі таныстырды. Дәулет Арғындықов оралмандардың азаматтық алуы туралы қазақша сауалдарды ұға алмай, оған депутаттардың орыс тіліне аударып беруіне тура келді» деп хабарлайды «31-арнаның» жаңалықтар қызметі.

(Мемлекеттік тілде сөйлеу былай тұрсын, түсінбейтін вице-министр - осы)

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен болашақ тағдырына саятын бұндай маңызды мәселенің осылайша қарсылықтар мен кедергілерге ұшырауы – зиялы қауымды үмітсіздендіріп отыр. Жалпы, бұл заңды қабылдап, қандастардың оралуына даңғыл жол ашу – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің тапсырмасы екенін біреулер ұмытып қалған секілді. Мүмкін әдейі ұмытып қалулары да ғажап емес. Біз де соған орай өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Біріншіден, Қазақ тілін түсінбейтін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі ДӘУЛЕТ АРҒЫНДЫҚОВТІҢ заң жобасын әкеліп таныстыруы - тіл мен ұлтты, Мәжіліс пен мәжілісмендерді, қандастарды, қазақтарды қорлау. ҚР Атазаңын, ҚР Тіл туралы заңын, Азаматтардың Азаматтық құқын бұзғандық. Ол негізінен заңдық жауапкершілікке тартылуы керек.

(Дауыс беріп "сайлаған" сауатсыз депутаттарымыздың бірі - Самиғолла нәкөстігін кезекті рет көрсетіп алды)

Екіншіден, бір бөлім мәжілісмендер орыс тілін білмейтін оралмандарды «сауатсыз санайды». Расында, қандастарымыздың зор инвестициялық капитал мен адами капитал екенін білмеу – саяси әрі азаматтық сауатсыздық. Егер, Мәжіліс депутаттарының қайсібірі саяси сауатсыз болмаса, мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты САМИҒОЛЛА ОРАЗОВ: «Қазақша айтқанда саны бар да, сапасы жоқ. Келгендердің 70 пайызы жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Олардың саны біз де онсыз да 2 жарым млн.-нан асады» демес еді....

Үшіншіден, Параламентте талқыланып жатқан Заң жобасы осы күйінде қабылданса, оралмандарды бір жыл ішінде азаматтық алуға міндеттеп, тағы да сергелдеңге түсіруі мүмкін. Егер бір жыл ішінде азаматтық алмаса, заң оралман ағайынды ықтиярхат пен басқа да жеңілдіктерден айырмақ. Бұл туралы да бір депутат ұсыныс жасаған. Себебі, осылай болса, қандастарымыздың бұрынғы мекеніне барып-келуіне қиындық туып, белгілі мөлшерде дүние-мүліктері мен зейнетақыларынан айырылады. Бұл да халықаралық құқықтық нормаларды негізге алмай жасалған жадағай шешім болып қалмақ.

Төртіншіден, Аталмыш 2 анықтаманы: «Сотталмағаны туралы анықтама мен өзі келген елінің азаматтығынан шыққаны немесе басқалай рұқсат анықтамасын әкелу туралы анықтаманы» алып тастамаса, жаңа заң қандастар үшін бәрібір пайдасыз болмақ. Себебі, Үкіметтің 111 нөмірлі қаулысы Қытайдан оралатын қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруын заңдық тұрғыдан шектеп отыр. Айта кетейік, Қытайдағы қандастар жалпы қазақ ұлты санының 1/8-і, шетелдегі қандастардың 1/3-і.

Алла, қазақтарымызды ел аман, жұрт тынышта бір-бірінен айырмасын деп тілейік, ағайын!

Алтай БҰҚАРБАЕВ.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401