Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4669 0 пікір 16 Ақпан, 2015 сағат 08:03

НАУРЫЗҒА АРХИМАҢЫЗДЫ ШАРА РЕТІНДЕ ҚАРАУЫМЫЗ КЕРЕК

ҚР Премьер-министрі

К.Қ.Мәсімовтің назарына!

 

Құрметті, Кәрім Қажымқанұлы!

Елдігіміздің мерейі мен абыройын асқақтата түсетін Наурыз мерекесі әлі де мемлекеттік сипат пен деңгейде аталып өтпей отыр. Бұған дейінгі қалыптасқан бұл мерекенің форматы – Этнографиялық еске алу екендігін жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрі де мойындады.

Ел Тәуелсіздігінің бүгіні небір тарихи сынаққа түсіп тұрған мына заманда Наурыз мерекесіне мемлекеттік архимаңызды шара ретінде қарап, оның оңды шешіміне әсері бар үш жайтқа назар аударуды сұраймын.

  1. Халқымыздың ойшылы, тарихшы, философ М.Көпейұлы жазғандай, Наурыз мерекесін 14-22 наурыз аралығында тоғызкүндік Наурыз-фестиваль түрінде атап өту, алайда бұл үшін 9 күн демалыс тағайындаудың қажеті жоқ.
  2. Наурыз мейрамының 4 мың жылдық тарихын паш ететін және ұлтымыздың танымын тарих тұңғиығына тереңдете түсетін әрі түркілік Жыл басы мерекесінің төлқұжаты болып табылатын Аңырақай тауындағы, Алматының солтүстік-батыс тұсынан 170 шақырымда орналасқан Таңбалы жартасындағы Тәңір-Іңір қашама ескерткішін (суретте) мемлекеттік ерекше күзетке алу, болмаса, оны Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайына алдыруды қарастыру.
  3. Халық арасында «бас жазу күні» аталған 23 наурыздағы демалыс күнді онекіжылдық түркілік мүшелдің Жылбасы саналатын 14 наурызға ауыстыру.

Құрметпен:   С.Ә.Ерғали, мәдениеттанушы, «Наурыз-Фест» жобасының авторы.


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395