Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 4983 0 пікір 10 Ақпан, 2015 сағат 12:25

МИТТАЛМЕН МЕМОРАНДУМ: ҮКІМЕТ ҰТТЫ МА?

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының қысқартылып жатқан еңбекақы мәселесіне байланысты дау-дамайына кеше ғана НҮКТЕ қойылды. Облыс прокуратурасының да, мемлекеттік еңбек инспекциясының да ескертпе-ұйғарымдарын құлағына қыстырмаған алпауыт кәсіпорын басшылығын облыс әкімдігі «қайырып» әкеліп, жөнге салғандай болды. Осылай айтуға болса, әрине.

Ал дәлірегі – Қарағанды облысының әкімдігі мен «АрселорМитталТеміртау» компаниясының басшылығы, сонымен бірге аталмыш кәсіпорын кәсіподағы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Кеше ғана. Қол жеткізіліп отырған келіссөздер нәтижесіне көз жүгіртетін болсақ, «АМТ» (АрселорМитталТеміртау) алғашқы райынан қайтты. Яғни, кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының еңбекақылары осы айдың он жетісіне дейін толықтай төленетін болды. Қаңтар айы бойынша да, одан кейін де. Бірнеше күннен бері прокуратураны да, басқаны да тыңдамай, ойға алған өз межесіне қарай «төтесінен» тартып келе жатқан алпауыт «АМТ»-ны облыс әкімдігі қалай «сындырды» - аяқ астынан? Бұл – жұмбақ. Бұл жағы әзірге беймәлім. Белгілісі – облыс әкімі ӘБДІБЕКОВ мырзаның «осы мәселеге байланысты ел үкіметі үлке-е-е-н... жұмыс атқарды» деген бір ауыз сөзі ғана. Ол қандай жұмыс – және бәймәлім. Бұл турасында ләм-мим деген тағы ешкім жоқ. «ABAI.KZ»-нің «өткен жұма күні ғана ақшамыз жоқ деп мәлімдеме жасап едіңіздер, аяқ астынан ақшаларыңыз қайдан пайда бола қалды?» деген сұрағына компанияның еңбек ресурстары және еңбек қатынастары жөніндегі директоры Дмитрий ПАВЛОВ мырза: «Ақша түсіп жатыр ғой, - деп келте жауап қайтарды, - өйткені, өнімдеріміздің сатылымы жүріп жатыр. Рас, айдың басында жағдайымыз жақсы емес еді, ал қазір есептеп отырсақ, осы айдың он жетісіне дейін өнім сатылымынан түсетін ақша еңбекақыны жүз пайыз толық беруге жетеді екен...»

Міне, қарағандылық теміршілер мен көміршілердің ырың-жырыңы әзірге осылайша оңтайланып қалды. Бірақ көкейімізде көлбеңдеп... бір сұрақ бәрібір қалып қойды. Ол сұрақ – «Меморандум мәтіні неге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне толықтай таныстырылмады және әкім ӘБДІБЕКОВ айтқан «үкімет атқарған үлке-е-е-н жұмыс... қандай жұмыс сонда?» Жасыратыны жоқ, үнділік магнаттарды аяқ астынан «сылқ еткізіп сындыру» үшін үкімет деңгейінде қандай да болсын бір әрекеттер жасалған болса керек, өйткені, меморандум мәтіні «АМТ»-ның Лондондағы Бас кеңсесіне, Бас кеңседегі миллиардер МИТТАЛ мырзаның «жан-жақты» танысуына бекер жіберілген жоқ. Әлбетте, Миттал мырзадан мақұлдау келген соң барып облыс әкімдігінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Бізге де, біздің басқа да әріптестерімізге де, әрине, меморандум мәтіні «асығыспыз» деген сылтаумен әдейі таныстырылмаған болса керек. Меморандумдағы мәтінде мүмкін... МИТТАЛ мырзаға қосымша жеңілдіктер уәде етілген шығар, кім біліпті? Біз бұл жағын біле алмадық. Бұл жағын білу әзірге мүмкін де болмай тұр. Ашығын айту керек...

 

Марат МАДАЛИМОВ. 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401