Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 8669 13 пікір 9 Сәуір, 2017 сағат 22:42

"Белден кеткен" депутаттардың жалақысы көбейіпті

Осы аптада Астана жақтан жеткен хабар – бұрынғыдай сайланбаған, партия жетекшілері тарапынан тағайындалған депутаттардың жалақылары көтеріледі-міс.

Today.kz дейтін сайттың жазуынша, 2017 жылдың 1-наурызынан бастап бірқатар қазақстандық депутаттардың жалақылары көбейген.

Орташа жалақы өсімі 30-50 пайыз аралығын құрапты. Бұл ақпарды Парламент депутаттары Бақытбек Смағұл мен Екатерина Никитинская да растаған көрінеді.

«Иә, жалақымыз көтерілді. Тек бір айтарым, бізге Үкімет мүшелерінен гөрі аз қосты. Мен мұны нақты айта аламын. Десе де, Халықаралық тәжірбиеде депутат – ең жоғарғы саяси қызметтің бірі болып табылады», - дейді Никитинская ханым.

Тіпті, қай депутат қанша жалақы алатыны да мәлім болды. Депутаттар жұмыс істейтін комитет басшылығы ұсынысы бойынша, оның еңбек өтілі ескеріліп барып, үстеме жалақы тағайындалған.

Орташа есеппен, бір депутаттың айлық жалақысы 500 мың теңгенің айналасы болды.

Мысалы, Парламенттегі аз дауысты фракцияның төрағасы Азат Перуашев бір айда  450 мың теңгені екі бөліп алады.

Кеше ғана Парламент қабырғасын тәй-тәйлап аттаған боксшы Серік Сәпиев (саясаткер деп атау қисынсыз) бірінші траншта 180 мың, екінші траншта 370 мың алатын көрінеді.

Мәжілісмен Ерсұлтан Бектұрғанов бар болғаны 408 мың теңгені талғажау етуге мәжбүр.

Еуропалықтарша айтқанда, «қалталы» парламент халыққа қызмет етпейді. "Бүгінгі парламенттің сықпыты Снежанналар болып тұр" деп жазған едік, өткенде. Бүгінгі де айтарымыз осы. Есім-сойын ел білмейтін тасадағы «тобыр» демеске шара жоқ.

Мына азаматтар неге үнсіз отыр? Не істеп отыр? Бар ма өзі...Бәлкім көрмей жүрген болармыз. Әй, қайдам...

Звольский СергейИмашева СнежаннаКим РоманКлименко ИванКозлов ЕвгенийКесебаева БалайымМагеррамов МагеррамМикаэлян НаринэӨтемісов ШавхатСуслов АлександрХитуов ТарасЧирков МихаилХахазов ШакирТеміржанов Мұрат...

Бұлар депутаттар екен. Елбасының 2021 жылға дейін сенім білдірген бұл депутаттарына іздеу саламыз.

Депутаттың билікке ықпал етуінің басты құралы – депутаттық сауал. Өйт­кені заң бойынша депутаттың са­уалына Үкі­мет те, барлық құзы­рет­ті орын­дар да жауап беруге міндетті. Қа­зір де­пу­тат­тық сауалдардың да қа­дірі кетті. Ал аттары аталған адамдардың депутаттық сауал жасап немесе БАҚ алдында сөйлеген сөздерін естідіңіз бе? Жоқ! Парламент Үкіметті жасақтайтын ең маңызды саяси институт. Ал біздің «белден кеткен» Парламентімізге қарап, бұлай айта алмаймыз.

Негізі біздің түсінігімізде Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Алайда, Қазақстан Парламентінің бүгінгі күйі – «кімнің тарысы піссе – соның тауығына айналған». Қазақстан Парламентiнiң депутаттары туралы том-том қағытпалар жазуға болатын шығар. Халықтың әлеуметтiк проблемалары туралы ұсыныстар айтуға келгенде үндерi әрең шығатын депутаттар Ақ Орда жақтан бұйрық түссе, танаурап жүріп тау қопарып тастауға дайын.

Геронтократиялық жүйеге ынты-шынтасымен берілген демогог депутаттар - «аутсайдерлер».

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972