Сенбі, 23 Қараша 2024
3701 0 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 09:59

Қырғызстан президенті Өзбекстанға барады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға сапарына дайындық жүріп жатыр. Осылай деп Қырғызстанның сыртқы істер министрі Айымкан Кулукеева мәлімдеді.

Оның сөздерінше, сыртқы істер министрлігі ел басшысының Өзбекстанға сапарына дайындық жүргізіп жатыр. Әзірге бекітілген кестеге дейін шекара жөніндегі жұмыс тобының келіссөздері жүріп жатқан көрінеді.

Сапардың нақты уақыты жарияланбады. Бұған дейін Атамбаев Өзбекстанға 2016 жылдың 24 желтоқсанында Самарқанға барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездескен.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов өткен аптада тараптар шекараның 1000 шақырым жері бойынша өзара келісті деп мәлімдеген. Ол енді екі елдің президенттері Ташкентте келісімге қол қою керек деген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458