Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 8066 1 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 10:12

Құлсары маңына лас су төгуге кім рұқсат етті?

Осы біз суайт халық емеспіз бе? Неге ылғи сөзіміз бен ісіміз бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады? Тіл мен жаққа сүйеніп сөйлегенде алдымызға жан салмаймыз. Ал неге ісіміз өрге баспайды? Себебі, өтірікшіміз! Мысалы, «Жасыл ел, жасыл-желек» бағдарламасы, Денсаулық – ұлт кепілі, болашақ – ұрпақ кепілі; Денсаулық – зор байлық; Тән сұлулығы – жан сұлулығы; Табиғатты аялайық; Қоршаған ортаны абаттандырайық; Атадан мал қалғанша тал қалсын; Тазалықты сақтайық!» деп ұрандатымыз кеп. Хош! Өте әдемі, жанға жағымды, қалыпқа қонымды шипа сөздер! Ал енді ісімізді қараңдар?

Құлсарыдан 100 шақырымдай жерде вахташылар қалашығы, әрмен қарай алпауыт ТШО зауыты орналасқан. Осы ТШО аймағынан 30 тондық «лас су» тасымалдайтын ауыр жүк көліктері 2 айдан бері нәжіс, лас суларын Құлсары қаласына әкеліп құйып жатыр. Және күні-түн (екі кезек) дамыл қақпастан тасуда. Төгіп жатқан жері «КРНУ» мекемесінің маңы. Жылой қулары көз қысты, бармақ басты кезекті құйтырқы әрекеттеріне көшті. Былай  қарағанда лас сулар құбырға айдалуда. Ал ол құбырдың далаға ағызып жіберіп жатқан каналы бар екенін ескерсек, лас су жыра бойын сағалап ой жерлерді толтырып, толған лас сулар арнасынан асып теңіз болып ағып сол маңдағы бір сорға құйылуда. Яғни «Теңіздің» боқ суынан теңіз түзілуде. Жасанды теңізден мал су ішуде. Қазіргі таңда ол сор үлкен аралға айналды. ТШО - ның өз канализациялары бар. Демек, ТШО подрятчик мекемелерге лас суларын өз құбырларына құйдыруға қарсы, болмаса ақылы қылып қойған. Ал подрядчик мекемелердің кіммен қалай келіскендері беймәлім, әйтеуір лас суларын 100 шақырым жерден «болашақ қала, жарқын қала, жас қала» Құлсарыға әкеліп төгуде? Енді Құлсары – лас қала! Ал осы қылықтары ақылға сия ма? Бұларға Құлсары маңына лас су төгулеріне кім рұқсат етті? Әкімдер, прокурорлар, экологтар, басқа да құзырлы орын мекемелері, лауазымды көзі ашықтар не қарап отыр? Тағы да сыбайластық пен парақорлық па? Әлде сол баяғы халықты менсінбеушілік пе? Лас суға әбден қанған сор ертең шілде айларында шамадан тыс бұзылады. Лас су араласқан тұзы бетіне шығады. Құрғап көкке көтеріледі. Ауамен, желмен ұшады. Небір паразит, бактерия, жұқпалы вирустардың бәрі сормен араласып сормаңдай қазақты сорлатумен ғана шектеледі. Елде ауру көп, індет, күнде өлім, күнде жиын. Ұрпақ кесел, ұрпақ мешел, болашақ бұлыңғұр, үміт аз, сенім кеткен. «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп оттаймыз келіп. «Аурудың алдын алу» деп, небір пайдасыз шаралар өткіземіз. Ал өзіміз ақша үшін қара халыққа қастық ойлап, тапа-талтүсте ұрпақтың тірілей терісін іреп жатырмыз. Мақтамен бауыздап қылқындырып тұншықтырудамыз. Кез-келген аурудың себеп-салдары болады. Қала маңына шамадан тыс лас су төгу Құлсары халқын қырудың төте жолы. Бұрынғы кездегі милионнан бір кездесетін, онда да аты аталмай «жаман ауру» дейтін рак ауруы қазіргі таңда 10 ның бірінен кездесуде, және жас кәрісіне қарамауда. Сондықтанда, прокурорлар, экологтар, екі айдан бері лас су төгіп келген мекемелерге зор айыппұл салып, түскен қаржыны Құлсары халқының аурудан көз ашпаған адамдарына үлестірсін!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434