Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 6292 4 пікір 24 Сәуір, 2017 сағат 09:44

Алтынсарин бейнеленген кілемше корей дүкенінің кіреберісіне төселген

Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студент  Сеулдің мәдени-тарихи ауданы - Bukchon village-де, әшекей бұйымдарын сататын кішігірім дүкеннің кіреберісінен Ыбырай Алтынсарин бейнеленген төсенішті көрген. Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісінде жазылды, - деп хабарлайды inform.kz.

«Бұл мені есеңгіретіп жіберді. Біріншіден, адам бейнесін төсеніш етіп, таптаудың өзі адамгершілікке жатпайды деп есептеймін. Екіншіден, қазақтың алғашқы педагогының бейнесін көріп, не істерімді білмей абдырап қалдым», - деп жазды пост авторы.

Сондай-ақ, қазақстандық студент төсенішті кіреберістен алғызуға барынша тырысқанын жазған. «Сатушылардан төсеніштегі бейненің кім екенін білесіздер ме деп сұрадым, «Білмейміз. Қытайлық біреу шығар...», деп жауап берді. Олардың біріне жағдайды түсіндіре бастап едім, келушілердің көп екенін айтып, мазаламауымды өтінді. Екінші сатушыға бардым, ол менің сөздеріме құлақ асты. Менің сөздерімнің растығына, Алтынсаринның үлкен тұлға екеніне көз жеткізу үшін сатушы Алтынсариннің суреттерін интернеттен көрсетуді сұрады. Мән-жайға қанық болған соң, менен кешірім өтініп, төсенішті алып тастауға уәде берді. Өкінішке орай, сатушы төсенішті менің көзімше алған жоқ, дүкенде халық қарасы көп еді. Кейінірек дүкенге тағы да барамын», - деп сөзін түйіндеді студент.

Желі қолданушылары Алтынсарин портретінің Оңтүстік Кореяға қалай жеткеніне таңданыс білдіруде.

Aбай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050