Сенбі, 23 Қараша 2024
5065 2 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 09:52

Сириялық оппозиция Астанадағы келіссөздерді уақытша тоқтатты

Representatives of the Syrian regime along with other attendees take part in the third round of Syria peace talks at the Rixos President Hotel in Astana on March 15, 2017. / AFP PHOTO / Stanislav FILIPPOV

Сириялық оппозиция өкілдері Астанадағы бейбіт келіссөздерден шықты. Бұған әуе соққыларының қайталануы себеп болды, деп хабарлады France-Presse (AFP) ақпарат агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап.

"Бүлікшілер делегациясы бейбіт тұрғындарды әуеден атқылағанына наразылық білдіріп, келіссөздерді тоқтатты. Олар Сириядағы атысты доғармайынша, кездесулерге қатыспайды", - деп хабарлады AFP.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Туматовтың мәлімдеуінше, сириялық оппозиция Астанадағы бейбіт келіссөздердің екінші күніндегі кездесулеріне қатысады.

Туматовтың айтуынша, қарулы сириялық оппозицияның өкілдері БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен және АҚШ делегациясының мүшелерімен кездескен соң, Астанадағы келіссөздерді тоқтатқан. Ал бейсенбі, келіссөздердің екінші күні бүлікшілер өкілдері "барлық кездесулерге қатысады". Дипломаттың хабарлауынша, Астанадағы келіссөздерге ондаған оппозициялық топтың 19 өкілі келді.

Астанадағы кездесулер 3 мамырда жабық есік форматында өтті. 4 мамырда жалпы отырыс және қорытынды баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377