ҚР үкіметі сырттан әкелінетін автокөліктерге экологиялық талаптар енгізеді
Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елге сырттан әкелінетін автокөліктерге экологиялық талаптар енгізеді. Бұл туралы көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен сейсенбі күні хабарлады.
2007-ші жылы 29-шы желтоқсанда №1372 үкімет қаулысымен бекітілген «ҚР территориясында айналысқа шығарылатын автокөліктердің зиянды (ластағыш) шығарылымдарына қойылатын талаптардың» техникалық регламентіне сай, республика территориясында 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап автокөліктерге шығарылатын зияндық қалдықтарр бойынша экологиялық кезең – 3-ке (Euro-3)сәйкес талаптар енгізіледі. Осы күннен бастап осы талаптарға сай келмейтін автокөліктердің өндірісі мен сырттан әкелінуіне тиым салынады», - делінген құжатта.
Бұл ретте Қазақстан территориясында бұған дейін де қолданыста жүрген автокөліктер экологиялық кезең-3 талаптарын қанағаттандырмаса да толық тозығы жеткенше қолданыста бола береді, - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Құжатта келтірілген сәйкестік кестесіне сай, Euro-3талаптарына Еуроодақ елдері мен АҚШ-та 2001-ші және одан бергі жылдары шығарылған, 2003-ші жыл мен одан бергі жылдары Оңтүстік Кореяда шығарылған, 2005 және одан бергі жылдары Жапонияда шығарылған, 2008-ші жылы және одан бергі жылдары Қытайда шығарылған автокөліктер сай келеді.