Славян жазбалары мен мәдениеті күндері өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
«Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Славян жазбалары мен мәдениеті күндерін өткізеді. Шара 23 мамыр күні Астана қаласындағы, Кенесары көшесі, 39 үйде орналасқан Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығында өтеді деп күтілуде.
Шара барысында славян жазбаларын зерттеуші жетекші ғалымдар славян жазбаларының түрлі аспектілері, славян тілдерінің бүгінгі ахуалы бойынша өзара пікір алмасады, сондай-ақ өзекті мәселелерді зерттеу мен бірлесе шешудің жолдары қарастырылады.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы славян және түркі мемлекеттерінің өкілетті елшілері, қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, этно-мәдени бірлестік және БАҚ өкілдері қатысады.
Шара аясында «Түркі-славян қатынасындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Шара славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған концерттік бағдарламамен аяқталады. Концерт Астана қаласы, Желтоқсан к-сі., 11 үйде орналасқан М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:30-да басталады.
Абай-ақпарат