Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 6841 5 пікір 19 Мамыр, 2017 сағат 12:17

70-тегі кәсіпкер Елбасынан араша сұрап отыр

«AsiaCreditBank»-тің рейдерлік жасап отыр ма? Жақында "Қала мен Дала" гәзетінде мақала жариялады. Онда Атыраудағы ірі Тұз компаниясыннан бір-ақ күнде айырылып қалған кәсіпкер Әбірбек Тоқтыбаевтың жанайқайы жария болды.

«AsiaCreditBank» несиені мерзімімен кешіктіргені үшін, Әбірбек Тоқтыбаевтың құны миллиард теңге болатын Тұз компаниясын сот арқылы тартып алып, өзге кәсіпкерге болмашы тиынға сатып жіберіпті.

«Бұл банк мені сан соқтырды. Түгімді қалдырмай тартып алғанымен қоймай, қылаяғы зейнетақымды да бергізбей отыр», – дейді кәсіпкер. Оның айтуынша, әуелде «AsiaCreditBank»  банк алдымен 290 миллион теңге несие берген.  Артынан тағы 150 миллион теңге алған. Ал кепілге  компанияның жылжымайтын мүлкін, екі зауытын, компанияға тиесілі темір жол және авто жолын, мемлекеттен 20 жылға жалға алған 164 гектар кен өндіретін жерімен қоса, Алматыдағы үйін және компанияның 100 пайыз негізгі жарғылық акциясын кепілге қойыпты.

Енді «AsiaCreditBank» борышты уақтылы қайтармады дегенді желеу етіп, сот арқылы компанияны түгелдей тартып алып, компания қожайындарын далада қалдырған.

«Бұрын-соңды мұндай заңсыздықты естімеппін. Мен елімізде әділдік бар, заң бар деп жүрдім. Миллиардтаған теңгеге бағаланған компаниямды бір күнде небары 61 миллион теңгеге сатып жіберді» деп күйінеді кәсіпкер.

Оның сөзінше, осы оқиға кезінде бірнеше рет инсулт алып, емханаға түскен. Ал банктегілер болса Тоқтыбаевтың дүние-мүлкін арзан бағада сатылымға шығарған. Ол туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Бандиттер әлі бар екен

«Банк менің ондаған миллион долларлық құны бар компаниямды тартып алғанымен тынбай, кепілге қойған Алматыдағы үйімді де сатылымға шығарды. Менің соңғы мүлкім осы еді», деп күйінген кәсіпкер өзінің азаматтық құқының аяққа тапталғанын айтады. Тіпті, Тоқтыбаевтың Тұз компаниясын банктен болмашы тиынға сатып алған кәсіпкер Саятхан Әмір рекеттік шабуыл жасаған екен.

«Соттың соңын күтпестен Саятхан Әмір бір машина бандитсымақ жігіттерді бастап келіп, біздің қарауылдар мен жұмысшыларды машинаға күштеп тиеп, Индерге апарып тастапты. «Егер қайта келсеңдер, аяқ-қолдарыңды шағамын» деп доқ көрсеткен. Содан бері біз өз мекемеміздің ауласына кіре алмайтын болдық», дейді.

«Мен осыған дейін әділеттің бар екеніне, заңның жұмыс істейтініне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлікпен айналысқан азаматтардың тірлігіне орынсыз қол сұқпаңдар деп үнемі айтатын сөзін тыңдар құлақ барына сеніп келдім. Әлі де сенемін. Соңына дейін күресемін. Сот басталғалы бері бірнеше рет жүрек талмасына ұшырадым. Жарым да, бала-шағам да уайым-қайғыға батты. Егер алда-жалда жеңілер болсам… айта алмаймын. Мұндай әділетсіздікке төзе алмаймын»,- деді кәсіпкер Әбірбек Тоқтыбаев.

Елбасы «кәсіпкерлерге жөн-жосықсыз тиіспеңдер» демеп пе еді?!

Рас, Мемлекет басшысы елдегі шағын және орта кәсіпті дамытуға жасап жатқан тың бастамаларын білеміз. Елбасы өз сөзінде "кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз қудалай бермеңдер" деп ескерткен-тін. Сонда, кәсіпкер Тоқтыбаевтың банкке жем болуы қалай? Банк бірнеше мәрте жеке сот орындаушысын жалдап, Тоқтыбаевтың дүние-мүлкін толық тәркілеп алғаны рас. Оны өзге кәсіпкерге арзан бағада сатып жібергені тағы рас. Мұның артында бір шикілік байқалады.

Банк пен кәсіпкердің арасындағы дау туралы облыс әкімі білетін көрінеді. Тек ешқандай шара қолданбай отыр-мыс.

«Облыстың бұрынғы әкімі Ізмұханбетовке де, қазіргі әкім Ноғаевқа да бірнеше рет кіргенмін. Ноғаев барлық мән-жайды біледі. Бірақ…Талай мәрте хат та жаздым. Олар сотқа бұл істің ақиқатына жетіңдер деген сыңайда хат жазады. Бітті»,- дейді кәсіпкер Әбірбек Тоқтыбаев.

Ендігі үмітім Елбасы мен Бас Прокурорда

Банктің құрбанына айналған кәсіпкер Әбірбек Тоқтыбаев енді Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Бас Прокурор Жақып Асановтан араша сұрап отыр.

«Ендігі үмітім Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Бас прокурор Жақып Асанов мырзада. Елбасы үнемі еліміз өркендеуі үшін кәсіпкерлікті дамытуға тиіспіз деп айтып отырады. Бұл секілді бассыздыққа жол бермес деген ойдамын. Осы компанияны құрып, күн-түн демей жұмыс істедім. 60-қа жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыдым. «Ас тұзы» өңірге емес, распубликаға танымал брендке айналды. Ешкімнің алажібін аттап, қулық-сұмдықпен күн көрген емеспін.

Жақып Асанов мырза да елшіл, халықшыл азамат қой, менің жанайқайымды естір деген үміттемін. Бірнеше мәрте хат та жаздым. Бір күні болмаса бір күні менің басыма түскен жағдаймен танысып, араша түсер деген арманым бар», -деп түйіндейді кәсіпкер.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475