Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Алаң 6505 5 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 11:18

Ұлттық экономика министрлігі халықтан ақыл сұрапты...

Ұлттық экономика министрлігі халықтан ел экономикасын қалай көтеруге болады деп кеңес сұрапты...

Екіұшты ой келді. Әуелі, әрине, елмен санасып, халық пікірін білгісі келсе – жөн екен дедік.

Сосын, сонда өздері не бітіріп отыр? Бұл не, олардың тұйыққа тірелгені ме? Айтар ой, сілтер жолы болмаса неғып жүр деген ойға қалдық!..

Сұраған соң айтпасқа болмайды... Әйтпесе, сынап-мінегенде бәледейсіңдер, білгіш болсаңдар қайда қалдыңдар демей ме? «Әншейінде аузын жаппастың» кебін кимейік. Тыңдар құлақ болса, айтар сөз табылады!..

Сонымен, әлқисса!..

Ұлттық экономика министрлігінің міндеті не? Әрине, ұлттық экономика құру. Ал біздің «Әуелі экономика, сосын саясат» деген ұран көтеріп, озық отыз елдің қатарына енуді мұрат тұтқан тәуелсіз ел билігі ширек ғасырда шынайы ұлттық экономика құра алды ма? Айта алмаймын!..

Соңғы деректерге қарағанда, ұлттық экономика үлесі 20 пайызға жетпейді. Қалғаны... қалғаны, иә, жат қолында. Бұл не? Сөз жоқ, өте қауіпті сұрақ. Тіпті ұлт қауіпсіздігіне қатысты, аса маңызды күрделі мәселе. Бұны бір деңіз!..

Ал енді әлемдік алпауыттар тобында жүрген байларымыз бен бағландарымыз кім? Өзіңіз де білесіз, олар да сол – өзге жұрт өкілдері... Немесе соған жақын, әйтеуір қазаққа жаны ашымайтындар. Бұл қалай?!

Дау жоқ, бұл да – маңызды сауал. Шешімін табуды талап ететін қиын шаруа. Сонда оны кім шешеді?!

Сіз. Ұлттық экономика министрлігі. Ұлттық экономикада ұлт үлесі басым болуға тиісті, онсыз ұлттық экономика ешқашан көтерілмейді.

Машкеевич пен Шодиевтің, Ким мен Нидің, Иванов пен Кулагиннің байлығын біздікі деп ойлама. Бұл тек уақытша. Бастан жыға қисайған күні «маңғыт – аузыңа саңғыт» деп, жоқ болады. Өзі түгіл ізін де таппайсың. «Іс бітті, қу кетті!..»

Сондықтан, не істеу керек? Жоғарыда айттық, тағы да айтамыз – ұлттық экономика мен бизнестің барлық саласында ұлт үлесі, ұлттық кәсіпкерлер басым болуға тиісті. Саны да, сапасы да!.. Министрлік ең алдымен сол үшін жұмыс істеуі керек.

Айтпақшы, бұл міндет тағы бір ұйымға тікелей қатысты. Ол – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Палата не үшін құрылды?!

Орыс ағайындарымыз айтпақшы, «Махаббат пен соғыста – барлық тәсіл қолайлы»... Ұлт мүддесі мен болашағы үшін, қажет болса, бәріне баруға болады.

Ақыл сұраған соң, айту – парыз. Оның үстіне, кеңес сұрап отырған – өзге емес, өзіміздің Ұлттық экономика министрлігі. Қалай айтпайсың?!

Рас, бұл тек – бағыт қана... Меже. Мақсат. Сондықтан ең басты нәрсе – сол межеге қалай жетіп, бұл мақсатты қалай жүзеге асыруға болады? Мәселе – сонда!..

Ой – көп, идея да – жеткілікті... Сұрап жатса айтуға болады. Әзірге осы!..

P/S:   Айтпақшы, айта кетер жайт – бізде жақсы жоба мен жоспарлар жетіп-артылады. Гәп тек солардың орындалуында. Тіпті ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ!..

Тұрмағанбет Кенжебаев

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021