Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 5985 5 пікір 29 Мамыр, 2017 сағат 12:07

Есімов: ЭКСПО-2017 құрылысынан 300 млрд. теңге үнемделді

 «Елбасының ерекше қолдауының арқасында 6 жылдың жұмысын 21 айда аяқтадық» деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ қоғаммен байланыс Департаменті.

Сөйтіп, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ғимараттары қолданысқа дайын. Ендігі міндет 10-маусымнан бастап шетелдік қатысушылар мен туристерді күтіп алу.  Қазақстандық және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік туралы баяндап берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»  АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов солай деп мәлімдеді.

Ахметжан Смагұлұлының айтуынша, Ұлттық компанияға төрағалық қызметке тағайындалған алғашқы уақытта ЭКСПО аумағында бетонды плита, тас қабырғалар мен құрылыс нысандарының паспорттары ғана болыпты. Бұл туралы

«Шынында сол кезде менде ешқандай оптимизм болған жоқ. Департаменттермен ақылдасып, нақты құрылымдық жұмыс жүргізу керек еді. Жұмыстың ауқымы да оңай емес, ал уақыт тапшы болды», - дейді Есімов мырза.

«Жасыратыны жоқ, Елбасының ерекше қолдауының арқасында 6 жылдың жұмысын 21 айда аяқтадық», - дейді Ұлттық компания басшысы.

Расында ЭКСПО-2017 көрмесі құрылысына қатысты жұрт арасында күдік пен күмән басым болғаны белгілі.

«Біз үлкен жұмысты аяқтадық. Тіпті, мердігер компаниялармен арада келіспеушіліктер де болды. Әрине, олар көбірек алғысы келді ғой. Дегенмен біз өз міндетімізді абыроймен орындап шықтық. Соның нәтижесінде біз құрылыстың әуелгі белгіленген сомасынан 300 миллиард теңге үнемдедік», - дейді ЭКСПО-2017 басшысы Ахметжан Есімов.

Сонымен, Смагұлұлының сөзінен түйгеніміз – ЭКСПО-2017 ғимараттары сынаққа сақадай сай. Енді 10 маусымнан бастап көрмеге келушілерді қабылдайды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322