Мусинді қамау мерзімі ұзартылды
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин (суретте) биыл 31 наурызда ұсталған еді. Ресми дереккөзі Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге.
Содан бері тергеуде отырған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасарын қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бауыржан Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев қорғалушысының қамау мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылғанын айтты. Сондай-ақ, күдіктінің адвокаты Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотына шағым түсіргенін де хабарлады.
"Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасына Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Исаеваның Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімін созу жөніндегі шешіміне шағымданамын. Себебі бұл соттауға болмайтын жағдай. Қорғалушы тарап бұл істі Есіл аудандық сотының судьясы Мұханғалиеваға жолдауға өтініш білдіреді", - деді Бауыржан Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев.
Абай-ақпарат