Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 7201 17 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 10:56

«Нұр Отан» күншығыс еліне бет түзеді

Жапон халқының бүгінгі жетістіктерінің басты себепкері елдің Либералды-демократиялық партиясы жарты ғасырдан астам уақыттан бері билік тізгінін ешкімге бермей, нық сеніммен ұстап келеді. Осы уақыт аралығында Жапонияны әлемнің алпауыт мемлекетіне айналдырды.

Соған орай «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапонияға арнайы барып, партияаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Сапар барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэмен, елдегі басты саяси күш саналатын билеуші Либералды-демократиялық партияның Бас хатшысы Тосихиро Никаймен, Жапония Парламентіндегі Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті.

Сонымен қатар Мұхтар Құл-Мұхаммед ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы Жапониядағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі «NEC» корпорациясының жұмысымен танысып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруда инновацияның берері мол екенін айтты.

Екі елдің әріптестік байланысының нығаюына Қазақстан Президенті мен Жапония премьер-министрі С.Абэнің ықпалы зор екеніне тоқталған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары: «Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мен Жапония арасында өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынас орнады. Осы жылдар ішінде Елбасымыз төрт рет ресми сапармен Жапонияға келіп, бұл елдің саяси және іскер қауымдастығы арасында аса зор бедел мен құрметке ие болды. Екі ел арасындағы «Стратегиялық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту» туралы тарихи шартқа қол қойылған. Біздің сапарымыздың мақсаты да «Нұр Отан» партиясы мен осы елдің премьер-министрі төрағалық ететін Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, аясын кеңейту», – деді.

Жапонияның аз ғана уақыт ішінде ел экономикасы мен саяси жүйесін ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, табысты реформалауының сырын бұдан бір ғасыр бұрын Алаш қайраткерлері тамсана жазған. Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Япония» атты мақала жазып, «Абай» журналына жариялаған.

Қандай істе болмасын ұлттық құндылықтарға арқа сүйейтін жапондықтардан жаңа ғасырда да үйренетін, үлгі алатын жетістіктер аз емес. Ендеше нұротандықтардың Күншығысқа қарап бой түзеуі әбден құптарлық бастама.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052