Қазақстанда терроризм және экстремизм үшін сотталғандар саны өсті
Қазақстанда терроризм және экстремизм үшін сотталғандар саны өсіп барады, делінген Орталық Азиядағы "Халықаралық түрме реформасы" ұйымының зерттеуінде.
2014 жылы экстремизм мен терроризмге қатысты баптар бойынша Қазақстанда 154 адам сотталған болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 554-ке жеткен. Зерттеу 30 мамырда Астанада таныстырылды. 554 адамның 327-сі "экстремистік" сипаттағы қылмыс жасаған.
Ішкі істер органдары қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамовтың экстремистердің басым бөлігі жұмыссыздар екенін айтты. Олардың арасында шенеуніктер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер атымен жоқ. "Бұл дегеніңіз, мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту қажет екенін білдіреді", - деді ол.
PRI зерттеуінде 200 жазасын өтеуші мен солармен жұмыс істегендердің пікірлері ескерілді. Ұйымның аймақтық директоры Азамат Шамбиловтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан түрмелерінде 3,5 мыңнан астам дін ұстанушы бар, олардың 763-і салафизм өкілдері, 90-нан астам адам радикалдық ұстанымын жасырмайды.
PRI зерттеуі бойынша, Қазақстанда радикалдық діни идеялардың таралуына қарсы тұратын кәсіби және тәжірибелі дін өкілдері қажет. PRI Нидерланды мысалына сүйене отырып, түрме имамдарын енгізуді ұсынып отыр.
Абай-ақпарат