Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 17:56

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын өткізу қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

2. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

4. Конкурсқа мемлекеттік тіл және оның дамуы туралы мақалаларды жариялаған (бағдарлама құрастырған) журналистер қатыса алады.

5. Алдыңғы конкурстарда бас жүлде мен І орын жеңімпаздар конкурсқа қатыстырылмайды.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін осы Қағиданың 3-тармағындағы көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша өтінім Комитетке 2017 жылғы 15 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтінім (Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 15 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген үш материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

4) ұсынылған материалдардың «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» айдарына орналастырылғандығын растайтын құжат (скриншоттар немесе сілтемелер).

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

3. Қорытынды ережелер

11. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын Комитет анықтайды.

12. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

13. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

14. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

15. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97, 74-05-03, 74-14-97, 27-98-36, 40-83-67.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

республикалық конкурсын өткізу

жөніндегі қағидаларына

қосымша

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық

конкурсқа қатысу үшін өтінім

1. Т.А.Ә. _______________________________________________________

2. Жасы ________________________________________________________

3. Жынысы______________________________________________________

4. Білімі_________________________________________________________

5. Жұмысы______________________________________________________

6. Мекенжайы___________________________________________________

7. Байланыс телефондары_________________________________________

8. Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:

1) ______________________________________________________________

2) ______________________________________________________________

3) ______________________________________________________________

9. Қосымша ақпарат ______________________________________________

10. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)________________________

Қолы

Күні

Ескерту! Материалдарыңызды "«Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» айдарына орналастыру үшін tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына жолдаңыздар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394