Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7465 0 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 16:27

АҚШ елшілігі. "Алға, Қазақстан!" және гей-парад

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтын шолып отырып, мына бір ақпарға көзіміз түсті.

Ақпарда АҚШ елшілігі бас болып, бірсыпыра елшіліктер мен ұйымдар Халықаралық гомофобия, трансофобия және биофобияға қарсы күрес күнін атап өткені жазылған.

Жарты жыныстылардың жалауларын желбіретіп жүріп өткізген шарасы - биылғы жылдың 17 мамырында болғанға ұқсайды. Елшілік сайтының бас бетіндегі ақпаратта солай деп көрсетіліпті.

Ол ол ма, "Астана", "Қазақстан" деген жазуды сексуалдық түсінігі тайғанақтардың нышанына айналған кемпірқосақ түстес суретпен әрлепті.

Әрлеп қана қоймаған. "Бұл күні біз Қазақстандағы лесбиандарға, гейлерге, бисексуалдарға, трансгендерге қолдау білдіреміз" деп мақала жазыпты (On this day we express our support for, and solidarity with, the lesbian, gay, bisexual and transgender communities in Kazakhstan).

АҚШ билігі біржыныстылықты және осыған ұқсас ауытқушылығы бар адамдардың таңдауын ресми мойындап, рұқсат бергені белгілі. Тек АҚШ қана емес, әлемнің өзге де елдері осы процессті құлшына қабылдаған. Ал біз ше? Қазақстанда біржыныстылыққа заң жүзінде шектеу қойылмағанымен, олардың кейбір мүмкіндіктері шектелгені рас. Қазақстанның мемлекетті қалаушы әм құрушы ұлты - қазақ халқының сенімінде, менталитетінде біржыныстылық ерсі екенін Жорж Крол жетекшілік ететін АҚШ елшілігі білмей ме? Білсе өстір ме? Әлде бұл провокация ма? Тағы бір сұрақ: елшіліктің бір миссиясы сонда, біржыныстылықты және осыған ұқсас ауытқушылығы бар адамдарды қолдап, қолпаштау болғаны ма?

Біз мақаланы түгел аударып жатуды артық санадық. Себебі, мақалада біржыныстылықты ашық дәріптей отырып, мұны демократиялылық ашықтыққа телиді.

Сөз түйінінде елшік былай дейді:

"Біз барлық адамдардың құқықтарының сақталуына, (бұл жерде біржыныстылардың құқықтарының бұзылмауын нұсқап отырса керек-ті - ред.) алалаушылыққа жол бермеуге Қазақстан Үкіметіне және ұлттық құқық қорғау ұйымдарына қолдау көрсетеміз". 

(We stand ready to support the Government of Kazakhstan, national human rights organizations, families and all interested parties in their efforts to ensure non-discrimination protections apply to all citizens).

АҚШ елшілігінің бастамасын қолдап, коалициясына қосылғандар:

  • Астанадағы Британия елшілігі;
  • БҰҰ өкілдігі;
  • Канада елшілігі;
  • Финляндия елшілігі;
  • Нидерланд корольдігінің елшілігі;
  • Швеция елшілігі;
  • Швейцария елшілігі;

Айтпақшы, Нью-Йоркте 21 мамыр күні өткен гей-парадқа көзіне қара көзілдірік тағып, аяғына әйелдердің біз өкше туфлин киіп алған қазақстандық біреу қатысты. Шеруде кетіп бара жатып ол бірнеше рет, "Алға, Қазақстан!" деп айқайлаған.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052