ЭКСПО туралы өсек таратқандар жауапқа тартылуы мүмкін
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы жалған ақпарат таратушыларға қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр. Бұл туралы «Zakon.kz» порталы хабарлады.
Бірнеше күннен бері «WhatsApp» арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы жұртқа тараған қауесет әлеуметтік желіні шулатқан-ды.
Аталған порталға хабарласқан тұлғаның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Бірақ, оған астаналықтар мен Елорда қонақтары жұмылдырылмаған. Тіпті, 4 маусым күні де жұрт көрме аумағына кіре алмайды.
Айта кетейік, соңғы бір-екі күннен бері ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысты ақпар желіде тарай бастады. Онда 4 маусым күні Халықаралық көрменің ашылу салтанатына соңғы дайындық жұмыстары жүргізілетіні айтылған.
Сондай-ақ, Алматыдан эстрада жұлдыздары арнайы келіп, мерекелік шара өткізіп, көрме павильондарының ресми ашылатыны айтылған.
ЭКСПО-2017 көрмесі туралы егжей-тегжейлі ақпар жазылған хабарламада, іс-шара 15:00 мен 21:30 аралығында өтеді деп көрсетілген. Тіпті, бұл шараға кез келген ересек және 10 жастан асқан балалар кіре алатыны анық көрсетілген.
«Халқаралық көрменің ашылуы рәсімі 9 маусым күні өтеді. Және оған арнайы шақыртуы бар ресми өкілдер ғана қатыса алады. Ал шақыру билеттері сатылымға шықпаған. Сондықтан, келемін деушілер 4 маусым күні көрме алаңына келулеріне болады. Кәнсерт билеттері кіреберістегі кассаларда сатылады», деп жазылыпты әлгі хабарламада.
Желіде гулеп жүрген бұл ақпарға қатысты ресми өкіл пікір білдіріп, ақпараттың жалған екенін жеткізіп отыр.
Abai.kz