Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 10983 1 пікір 6 Маусым, 2017 сағат 14:52

Жокорку Кенеш депутатының бетінен сүйгім кеп кетті

Қырғыз оппозициясының өкілі, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің (Жокорку Кенеш) депутаты Өмірбек Текебаевқа қатысты сот процессі кеше басталғаны туралы жазған едік.

Қырғыз Республикасы Жоғары Кеңешінің депутаты, "Атамекен" фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Дүйсен Шотановтың соты басталарда Текебаевтың адвокаттары сотқа "ел Президенті Алмасбек Атамбаевты шақыру керек" деп талап қойған еді.

Енді, міне, темір тордың арғы жағында тұрған Текебаев сот процессін қырғыз тілінде жүргізуді талап етіп отыр. Тіпті, "Мен қырғыз тілінде ғана сөйлеймін" деген депутаттың бейнежазбасы жария болды.

Е, айтса айтқан шығар дерсіз. Рас. Дегенмен, бұл сөзді кім айтты? Қырғыз Парламентінің депутаты айтты. Президенттікке үміткер болған ("Оның Президент болуға мүмкіндігі көп еді" дейді сарапшылар - ред.) азамат айтты. Қайда? Темір тордың арғы жағынан айтты.

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан бізде ше? Бізде Парламенттің сиқы белгілі. Владислав Косарев дейтін коммунист депутат Лениннің кеуіп шіріген терісін Қазақстанға әкелуді сұрайды. Смирнова "орыс әлемі" деп ойбайға басады. Кезінде Төтенше жағдайлар министрі болған Владимир Божко "тілімді кесіп алсаң да қазақша сөйлемеймін" дейді. Мәжілістің пен Сенаттың отырыстары түгел орыс тілінде өтеді. Үкіметіміз де ширек ғасырдың шегінде жарытып мемлекеттік тілде жақ ашқан емес. Оны айтасыз, кейбір жас министрлеріміз айналдырған бес жылда қазақ тілін мүлде ұмытып қалып, көрші Ресейдің мемлекеттік тілінде атқарушы билікте алшаң басып жүр.

Соларды ойлаған кезде Қырғыз Республикасы Жоғары Кеңешінің депутаты, "Атамекен" фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтің бетінен сүйгің кеп кетеді екен.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364