Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3509 0 пікір 5 Мамыр, 2017 сағат 18:14

Ономастика мәселелері талқыланады

2017 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласында «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Еліміздегі жер-су, көше атауларын реттеу, көрнекі ақпаратар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған шарада өңірлердегі ономастикалық ахуал сөз болады. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Басқосуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Мелдешов жүргізеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377