Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6193 0 пікір 5 Маусым, 2017 сағат 18:22

Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері онлайн жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 9 маусымында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығында өтетін семинар барысында онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын жүзеге асыру қарастырылады. Сондай-ақ озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мәселелері сөз болады.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары, Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366