Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3498 0 пікір 2 Қараша, 2010 сағат 06:44

Ашық хат. Өкiнер уақытымыз болды ғой

"Сiзге хат жазып отырған себебiмiз - қазақтың бетке ұстар ғалымының жалған жаламен айып­ты болып түрмеде отырғандығы. Қазанның 1-i күнi түнгi сағат он бiрде полиция ма, әлде ҰҚК қызметкерлерi ме, әйтеуiр емханада жатқан жерiнен алып кеткен. Қазанның 4-i күнi Алматы қаласы, Алмалы ауданының соты, қазанның 11-i күнi Алматы қалалық соты қамауға алуға санк­ция беру туралы қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 126-бабы бойынша айыпталып отыр.

Саят Ыбыраев "Сенiм. Бiлiм. Өмiр" деген қоғамдық бiрлес­тiктiң Алматы қаласы бойынша филиалын басқарды. Мақсаты - әл-Фараби, Абай, Шәкәрiм шығармаларын оқыту, талдау, насихаттау арқылы жастарға адам­гершiлiк тәрбие беру, темекiден, наркомандықтан, арақтан, жеңiл жүрiстен сақтандыру; патриоттыққа, бiлiмдiлiкке, ойшылдыққа, өнерпаздыққа, мәде­ниеттiлiкке, еңбексүйгiш­тiкке, тәртiптiлiкке, заңға бағынушылыққа, бауырмалдыққа, мейiрiм­дiлiкке, ата-ананы, елбасын құрметтеуге ба­у­лу. "Сенiм. Бiлiм. Өмiр" қоғамдық бiрлестiгi 2008 жылы Шә­кәрiмнiң 150 жылдығына арнап, 243 беттiк "Шәкәрiм мұраларының тағылымдық мәнi" деген кiтап шығарған. Оқып шықсаңыз, кiтаптың жастарға да, үлкендерге де пайдалы екенiне көзiңiз жетер едi. Бiрақ айыптаушыларға кiтап ұнамапты. Емделуден қашқан үш наркоман "бiздi зорлап емдедi, ақша алды" деп Саятқа жала жапқан. Бiз бiлетiн Саяттың ұстанымы - Абай атамыз айтқандай:

"Атымды адам қойған соң,

Қайтiп надан болайын",

"Пайда ойлама, ар ойла" .

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы, Абай шығармаларын өзiңiз де сүйiп оқисыз. Сүймесеңiз, Абайдың 150 жылдығына байланысты 100 000 долларды өз қалтаңыздан шығарып, Абай өлеңдерiнiң орысша-қазақшасын қатар келтiрiп, Прага қаласынан озық еуропалық полиграфия үлгiсiмен шығарт­пас едiңiз ғой. Бұл сыйлығыңызды халқыңыз қуанып қабылдады. Әрi елге жақсы өнеге болды.

"Таласып босқа,

Жау болып досқа

Қор болып құрып барасың;

Өтiрiк шағым толды ғой,

Өкiнер уақытың болды ғой" - деп Абай жарықтық айтқандай, үш наркоманның сөзiне сенiп, елiм деп ет жүрегi езiлген, халқым деп қабырғасы қайысып жүрген есiл азаматты соттауға, бас бостандығынан айыруға бола ма? Әдiлдiгiн өзiңiз айтыңызшы, аса құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!"

Асқар Жұмадiлов, ҰҒА академигi, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;

Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Әзiлхан Нұршайықов, Қазақстанның халық жазушысы;

Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы;

Жұмәдiл Байгунчеков, ҰҒА академигi, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы;

Гахип Уалиев, ҰҒА академигi, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Мақаш Тәтiмов, политология ғылымдарының докторы, профессор;

Келiс Рахымжанов, жазушы;

Аманхан Әлiмұлы, ақын, жазушы;

Сейiт Қасқабасов, ҰҒА академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Әзiмбай Ғали, саясаттанушы;

Амандық ТӨлешов, ҰҒА академигi, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Зулхаир Мансуров, академик, химия ғылымдарының докторы,

Мұқтарбай Өтелбаев, ҰҒА академигi;

Б.Е.Қанғожин, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369