Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Арылу 8500 8 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 06:29

Үкімет үйі мен Астана әкімшілігі "моңғол нақышын" қазақтікі деп ойлай ма?

Үкімет үйі мен Астана әкімшілігінің ғимаратының еденіне моңғолдың ұлттық нақышында безендірілген кілемдер төселетін болады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Asiarussia.ru басылымының жазуына қарағанда ҚР Үкімет үйі мен Астана әкімшілігі Моңғолияның "Эрдэнэт хивс" атты кілем тоқитын фабрикасына 2 600 шаршы метр көлемде кілем тапсырыс берген.

Біріншіден, басқаны қойшы, Үкімет үйі мен Астана әкімшілігінің өзі отандық өндірушілерді қолдамай, оның орнына моңғолға бүйрек бұруы ұлттық намыстың, мемлекетшілдік патриотизмнің жоқтығын білдіреді.

Екіншіден, Үкімет үйі мен Астана әкімшілігінің: "Әлемде ең сапалы кілем бұйымдары Моңғолияда тоқылады. Мұндай бұйымдарды еш жерден іздеп таба алмайсыз", -  деп айды аспанға шығаруы тағы да намыссыздық.

Үшіншіден, Үкімет үйі мен Астана әкімшілігі "бұл кілемдер ғимаратты көшпелі халықтардың, яғни моңғолдардың нақышымен безендіреді" деп түсініктеме берген.

Сонда моңғолдың нақышы қазақтың нақышы болғаны ма? Бүгінгі "моңғол" дегеніміз шын мәнінде - халхалардың, буряттардың, қалмақтардың синтезінен пайда болған жұрт. Қалмақ деген ұлт бір кездері қазақтың ата жауы болды. Демек, біздің мемлекеттік мекеме жоңғардың нақышын еденіне төсемекші деген сөз.

Осы істі қолға алғандар тым құрыса мемлекеттік мекемеге төселетін кілемдердің дизаинын өздері дайындап беруге болмас па еді? Бір кем дүние.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1198
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2724
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 852
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 810