Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 12571 22 пікір 20 Маусым, 2017 сағат 09:24

Иранға 10 мың гектар жер береміз

Оңтүстік-Қорасан (Иран) ауыл шаруашылығы ұйымы Қазақстаннан 10 мың гектар ауылшаруашылық жерлерін жалға алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "АГРОбизнес" порталы.

Иранның солтүстік-батысында құрғақшылық, су тапшы. Сондықтан да, олар ауылшаруашылығы дақылдарын өндіру үшін Қазақстаннан агро-аутсорсингке жер алуды жоспарлаған. Агро-аутсорсинг дегеніміз басқа елде ауылшаруашылық өнімдерді өсіру үшін сатып алу, лизинг немесе жалға алуды меңзейді. Күз келіп, өнім жиналған соң өнім Иранға "импортталады".

Иран мен Қазақстан "Шекара сыртындағы фермерлік" деген бағдарлама аясында жүзеге асырған бұл келісімге өткен жылдың маусым айында қол қойылыпты.

Былтырғы көктем мен жаздың басында, яғни мамыр айларында бүкіл қазақ "шетелдіктерге жер бермейміз" деп алаңға шықты. Маусым айынан бастап күзге дейін Жер комиссиясының жиындары өтіп, қазақ табандылықпен күресіп жатқан сияқты еді. Ел дүрбелеңге түсіп жатқанда билік Иранға 10 мың гектар жер беруге келісім жасап тастапты.

Бұл не? Қазақты қорлау ма? Атырау мен Алтайдың арасы толқып тұрғанда қорықпай мұндай келісім жасау - халықты көзге ілмеу емес пе?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 

 

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048