Сенбі, 23 Қараша 2024
Рухани жаңғыру 5742 23 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:02

С. Зульфикар. «Назарбаевтың әрбір бастамасында жүйелік сипат анық сезіліп тұрады»

Моңғолия Үкіметі жанындағы Басқару академиясының ректоры, доктор, профессор С. Зульфикар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Abai.kz. "Сырт көз - сыншы" деген қағиданы ұстана отырып, ғалымның Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтқан ойын оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.

Abai.kz ақпараттық порталы 

Еуразияда саяси, экономика, қоғам, мәдениеттің ауқымды өзгерісі басталған 90 жылдардан кейінгі  уақытта Қазақстан өңірлік қана емес әлем назарында болып келеді. Қандай да бір өзгеріс, реформаны тиімді саясатпен басқарып, мемлекет болашағын салмақты болжап, нақты іс-шаралар қабылдап отырғандығы бұл жас мемлекеттің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Ел дамуында ерекше рөл атқарып отырған, мемлекет басшысы және ұлт лидерінің орны ерекше екені даусыз. Басқаша жеткізер болсақ, Президент Н. Назарбаевтың алысты болжағыштығы, еліне, ұлтына деген ыстық ілтипаты, мұқалмас құлшынысына ерекше тоқталған артықтық етпейді.

Қазақстанның экономикалық, қоғамдық ахуалында, саяси өмірінде іске асырған өзгерістер мен алға басуында бірқатар ауыр сынақ, қиындықтар болғаны шындық. Н. Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту мақсатында жаңғыру туралы бастама көтеріп, оның негізі, қажеттілігі, мақсаты, қағидалары, құндылықтары сынды теориялық негіздерін ұтымды көрсете білді. Негізі оның халыққа арнаған жолдауы, көтерген әрбір мақсаттық бағдарламасында жүйелік сипат анық сезіліп тұрады. Басқаша айтсақ, саяси құжаттар негіздемелерінің дұрыс бағытта әзірленіп, жоғары деңгейде пысықталуы мемлекеттің дамуында өзіндік орнын көрсетіп отыруда.

Қазіргі Қазақстанда көтерілген қоғамдық сананы жаңғырту бастамасына байланысты өзімнің пікірімді білдіре кетуді жөн санап отырмын.

Қазақстан басшысы ел, ұлт құндылықтарын жаңғыртуда ұлттық мәдениетті сақтап қалу маңызды деген байлам жасап отыр. Тарих онсыз да бұны бізге дәлелдеп берді. Мысалы, 4000 жылдық тарихы бар Қытай ұлты соңғы 30 жылда қоғамның барлық деңгейінде ілгерілегені, қоғамдағы ерекше өзгерістермен байланыстырылуда. Ұлттық мәдениетті сақтап қалу қоғамдық жаңарудың бірден бір кілті екені сөзсіз. Басқаның мәдениетін сол қалпымен көшіру, қолдану бір жағынан машақатты, екінші жағынан біздің ойлағанымыздан зиянды болу мүмкін. Жаңару деген желеумен құрып кеткен мемлекеттер мен ұлттар аз емес. Жаһандану жүріп жатқан әлемде оқшауланып, яғни өзінің ерекшелігін сақтап қалу жаңғыру мен дамудың бір жолы болып табылады.

Бағдарламалық құжаттың тағы бір ерекшелігі, ұлттық мәдениетті сақтаумен қатар бәсекелестікке қабілетті жоғарылатуды мақсат тұтуы болып табылады. Бұған толықтай қосылуға болады деп есептеймін.

Бәсекелестікке қабілетті көптеген өлшеммен анықтауға болады. Экономикалық әлеуеті, әскери күші, табиғи байлық, географиялық орналасуы т.б. сынды факторларды айтқан жөн. Алайда, олармен бірге Қазақстанның әр азаматының бәсекелестікке қабілетін жоғарылату дамудың негізгі кілті деп саналып отыр. Қысқасы, «адами ресурс сапасы жақсарған кезде мемлекет те дамиды» деген тұжырым негізге алынуда. Табиғи байлық дегеніміз мүмкіндік болып саналады, бірақ жалғыз өзі бәсекелестік қабілеттілік емес екендігін соңғы жылдардағы халықаралық нарықта пайда болған шикізат бағасының төмендеуі дәлел болып отыр. Сондықтан да азаматтардың білімі, кәсіби біліктілігі, жеке қабілеттер деңгейін жоғарылатуы мемлекет, ұлт үшін бәсекелестік қабілеттігін сақтау деген пікірге саяды. Моңғолия да дәл осындай саясат ұстанумен қатар, әлем де дәл осы жолмен алға жүретіндігі анық болып отыр. Жаңғырудың сипаты бәсекелестікке қабілет, соның ішінде жеке адамның әр-бірінің бәсекелестікке қабілеттілігінің жеке дара қарастырылуы мақтауға тұрарлық іс.

Қазақстан модернизациясының ұстанымының тағы бір ерекшелігі  жағдайға прагматиктік тұрғыда қарау деп білемін. Елдің әлеуметтік-экономикалық аясында қол жеткізген жетістіктері, табыстары негізінен мәселеге прагматик тұрғыда қарағандығына байланысты болмақ. Дамуға жеткізетін қандай да бір өзгеріс, тәсіл, мәдениет, технологияға ашық болумен қатар қажетті кезде оларды қолданысқа енгізіп, дұрыс пайдаланып отырғандығы Қазақстан дамуының бір ерекшелігі болуда. Зерттеушілердің пікірінше Сингапур, Корея Республикасы, ҚХР дамуының құпиясы осындай мәселелерге прагматикалық тұрғыда назар аударуына байланысты болғаны белгілі. Мен саяси зерттеу, мемлекеттік басқару саласында қызмет атқаратын маман ретінде Қазақстанның прагматикалық негізге сүйенген осы  тәжрибесін басқа мемлекеттер де үйренуге болады деген пікірдемін.

Н. Назарбаевтың көтерген «революция жасайтын уақыт өтіп, өзгеріс жасайтын кезең күтіп тұр» деген пікірі өте оң, кемел болып отыр. Кей кезде біз қайта-қайта революция жасаймыз деп жүріп, бар нәрсемізді қиратып алатын тарихи кезеңдердің куәгерлері болып жүрміз. Өзгерісті сатылы түрде,  байыпты, бірақ тұрақты негізде іске асыру маңызды. Революция жасау деген қандай да бір жетістікті жоқ қылуға әкеп соғады. Сондықтан да саясат, экономика, қоғам, мәдениеттің белгілі даму деңгейіне жеткен Қазақстан өз артықшылықтарына сүйене отырып, қоғамдық жаңаруды  дамудың жаңа сатысына шығуы ретінде пайдалануы өте оң қадам болып табылмақ.

Қазақстанды жаңарту ұстанымын іске асыруға қатысты екі нәрсе менің назарымды аударғанын атап өтсем деймін.

Бірінші, 2025 жылға дейін латын әліппесіне ауысу туралы шешім. Оны іске асыру негіздемесі, тәсілі анық түсіндірілген. Мен мұны әлемдегі қазақ ұлтына бір-бірін кедергісіз түсіну, жақындасу, ары қарай бір жазудағы тілмен қатынасу мүмкіндігі ретінде көріп отырмын. Әрине қиындықтар болады. Бүгінге дейін басылып шыққан көптеген мың кітап, оқулықтарға жаңару талабы қойылады. Мемлекет бойынша жаңа әліппеге үйрену қажеттілігі туындайды. Алайда латын әрпі ең оңай үйренетін артықшылығы бар екендігін осы арада атап өткен жөн.

Екінші, қоғамдық, гуманитарлық салада әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару мақсат ретінде белгіленген. Бұл өте дұрыс бастама деп ойлаймын. Әр сәтте дамып келе жатқан мемлекет болашағына, келер ұрпағына қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың әлемдік классикалық туындалармен, жетістіктерімен таныстыруға, олар арқылы балалар мен жастарды жаһанданумен қатар жүруге мүмкіндік береді. Осы қиыншылықты өз басымнан өткерген адам ретінде ерекше мына жайды айтқым келеді. Менде туған тілімде емес екінші, үшінші тілде әлемдік классикаларды оқитын мүмкіндік бар болды. Мұндай мүмкіндік кез-келген адамда бола бермейді. Назарбаевтің егеменді, тәуелсіз мемлекеттің әр азаматына осы мүмкіндікті ашып беруін, мемлекет дамуын бір қадаммен ілгерілететін қозғаушы күш деп санауымыз керек. Оны айтпағанның өзінде, басқа мемлекеттерде өмір сүретін қазақ ұлты оның нәтижесін көретін болады.

Қорытындылай келгенде, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың көтерген бастамасы, мақсаты, шаралары болашақта нақты жұмыс ретінде өз нәтижесін береді дегенге еш күмәнім жоқ екендігін атап өтемін. Өткен жылдарда мемлекетті алға тарту, дамыту мақсатында оның атқарған көптеген істері мұның дәлелі болады.

Осы орайда ҚР Президенті құрметті Н. Назарбаев мырзаға және жалпы қазақстандықтарға алға қойған мақсаттарыңыз табысты орындалып, Қазақстан мемлекетінің дамудың жаңа сатысына шығып, әлемдегі жетекші 30 елдің қатарында болуларыңызға шын жүректен тілектестігімді білдіргім келеді.

Abai.kz

 

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394