Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3585 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 06:56

Өзекті мәселе, орамды ой ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ КАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОСТІЛДІЛІКТІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан қоғамын этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастар негізінде дамыту елдегі реформаларды тереңдетудің, экономиканы тұрақтандырудың, тұтас алғанда, қоғам дамуының қажетті шарты болып табылады. Осыған байланысты, ғылыми негізделген тіл саясаты Қазақстан Республикасы сияқты полиэтникалық мемлекетте ұлтаралық қатынастардың табысты болуына мүмкіндік жасайтындығын атап көрсеткен жөн. Қазіргі жағдайларда бұл тек мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан қоғамының да қамы.

Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен этникалық топтар тұрады. Олардың жалпы саны 16 млн.- ға жуық адамды құрайды. Сол себепті, біздің қоғам қостілділіктің, тіпті, көп тілділіктің мәселелеріне бейжай қарай алмайтындығы кездейсоқтық емес. Қазақстан қоғамындағы қостілділіктің қалыптасуы қоғамдық өмірдің ең күрделі проблемаларының бірі болып табыла отырып, отандық саяси ғылымда әлі де зерттеуді талап етеді.

Қазақстан қоғамын этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастар негізінде дамыту елдегі реформаларды тереңдетудің, экономиканы тұрақтандырудың, тұтас алғанда, қоғам дамуының қажетті шарты болып табылады. Осыған байланысты, ғылыми негізделген тіл саясаты Қазақстан Республикасы сияқты полиэтникалық мемлекетте ұлтаралық қатынастардың табысты болуына мүмкіндік жасайтындығын атап көрсеткен жөн. Қазіргі жағдайларда бұл тек мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан қоғамының да қамы.

Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен этникалық топтар тұрады. Олардың жалпы саны 16 млн.- ға жуық адамды құрайды. Сол себепті, біздің қоғам қостілділіктің, тіпті, көп тілділіктің мәселелеріне бейжай қарай алмайтындығы кездейсоқтық емес. Қазақстан қоғамындағы қостілділіктің қалыптасуы қоғамдық өмірдің ең күрделі проблемаларының бірі болып табыла отырып, отандық саяси ғылымда әлі де зерттеуді талап етеді.

Қоғам дамуының және халықтар арасындағы тұрақты әлеуметтік- экономикалық және мәдени қатынастар орнауының нәтижесінде, қостілділік жаппай бұқаралық құбылыс ретінде көрініс беріп отыр. Өйткені, көп ұлтты мемлекетте барлық халық экономикалық және мәдени өмірге бірдей дәрежеде қарқынды түрде араласады, нәтижесінде қостілділік кеңінен таралады. Сонымен қатар, қостілділіктің таралуының тағы бір себебі - бір халықтың екіншісімен аумақтық жағынан алғанда, көршілес тұруы немесе олардың тұтас бір аумақта бірігіп өмір сүруі болып табылады.

Енді қазақ тілінің тарихына тоқталар болсақ, қазақтар ғасырлар бойы араб жазуын қолданып келді. Содан соң, қазан революциясынан кейін, біраз уақыт бойы олар латын алфавитінің негізінде жасалған ұлттық алфавитті пайдаланды. ( Түркияның тәжірибесі көрсеткеніндей, қазіргі жағдайда түркі жазуы үшін қолайлысы латын алфавиті болып табылады). Алайда, көп ұзамай, қазақ жазуын кириллицаға көшіру туралы саяси шешім қабылданды, сөйтіп, кейінгі кеңестік дәуір кезеңінің бәрінде де кириллица негізінде жасалған ұлттық жазу қолданылды.

70 жылдық кеңестік дәуірде қазақ филологиясы да, ұлттық қоғамдық ой да тілдің дамуын қамтамасыз етуге және оны көп функционалды байланыс құралы деңгейіне дейін жеткізуге қабілетті бола тұра,дербес шығармашылық қызметінде көп нәрсені жоғалтты. Нәтижесінде қазақ тілі, республиканың қазақ тілді бөлігі үшін қоғамдық функцияларды орындай алмайтын деңгейге жетті. Сөйтіп, кеңес билігіне бағынған қазақтар оның есесіне бұл жүйеден әкімшілік автономия мен жалпыға бірдей сауаттылықты ғана қабылдап қоймай, сондай- ақ олардың тілдері де аяқасты етілді.

Тіл өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе, адамзаттың еркіне бағынбайтын табиғат құбылысы екендігін атап көрсеткен жөн. Осыған байланысты, қазақстандық лингвист С. Қойгелдиевтің: « Тіл - бұл сөздер жиынтығы емес, бұл, ең алдымен, белгілі бір халыққа тән, түпнұсқа ойлау жүйесі» деген сөзін мысалға келтіруге болады.

КСРО-дағы қостілділік әр түрлі ұлт өкілдерінің бірлесіп қызмет етуінің табиғи процесінің нәтижесінде қалыптасқан жоқ, ол кезеңде орыс тілін білу жетістікке жетуді, мансабының өсуін қалайтын, кез келген «орыс емес» халық үшін міндетті болып есептелді. Егер, 1989 жылғы халық санағының мәліметтерін салыстырар болсақ, қазақ халқының 62 пайызы орыс тілінде еркін сөйлеген деген пікір бар. Сонымен бірге, қазақ ұлтының республикалық активі мүшелерінің 94 пайызы орыс тілінде сөйлеген.

Қазақстанның орыс тілді халқының көбіне қазақ тілін үйренуі үшін саяси қажеттілік болмады. Мұндай жағдай күшті миграциялық процестердің нәтижесінде туындады: бір жерге мәжбүрлеп орналастырылған қоныс аударушылардың арасындағы бірден-бір қатынас құралы орыс тілі болды. Сондықтан, миграциялық процестер айтарлықтай қозғау салмаған, Қазақстанның біраз өңірлерінде «табиғи» қостілділік сақталғандығын айта кеткен жөн, бұл жағдай орыстар мен қазақтардың бір жерде тұруы мен шаруашылық қызметті бірлесіп жүргізуінің нәтижесінде орын алды. Бірақ, мұндай өңірлер өте аз болды.

Сондықтан, Қазақ КСР-інде жүргізілген қостілділік саясатының нәтижесінде, Р.Б.Әбсаттаровтың бағалауы бойынша, Қазақстанның тәуелсіздікке ие болған кезеңінде «қазақ халқының 40 пайызға жуығы өзінің ана тілін білмеді, не болмаса үстіртін ғана білді». Қазақ тілі білім беру саласында ғана емес, сондай-ақ ресми тәжірибеде де түп-тамырымен жойылды. Бұл процесті саяси және әлеуметтік институттардың дамуы мен таралуы, атап айтар болсақ, орыс тілді баспасөз, кино, радио, теледидардың ықпалының өсуі тездете түсті. Орыс тілі қоғамдағы билік пен атақ- абыройдың, мәртебе мен табыстың, үкімет пен сот істерін жүргізудің, өнеркәсіп пен сауданың, білімнің, ғылым мен бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне айналды. Нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылымында негізгі қайшылықтар орын алды, бұл мемлекетте биліктің тілі қазақ тілі болуы керек деген мәселеден туындаған еді. Алайда, әлі күнге дейін билікпен байланысты коммуникативтік функциялар өзге тіл арқылы, яғни, орыс тілі арқылы іске асырылып келеді.

Іс жүзінде қазақ тілінің коммуникативтілігі билік функцияларының жүзеге асырылуы үшін онда лексикалық ресурстардың әлі жоқтығымен күрделене түсіп отырғандығын атап көрсетуіміз қажет. Бұған Қазақстан Конституциясының қазақ тіліндегі мәтіні мысал бола алады, онда 1300-ге жуық орыс сөзі бар. Бұл проблеманың тағы бір қыры, мысалы, Кодекстердің мәтіндерінен көрінеді - теориялық жағынан алғанда, тең күші бар, орыс және қазақ тілдеріндегі ҚР-ының негізгі заңдарының оқылуы әр түрлі. Орыс және қазақ тілдерінде білім алған заңгерлер үшін екі тілдегі ҚР-ының заң нормаларының мазмұны әр түрлі. Оның себебі мынада:

1) негізгі ұғымдардың құндылығы мен тұжырымдамалық тұрғыдан аударылмайтындығы себепті мәтінде айырмашылықтар өте көп;

2) империялық қостілділік ауқымында қазақ тілі ұзақ уақыт бойы өзіне тиесілі функциялардың едәуір бөлігін орындамады.

Осылайша, КСРО-дағы империалық қостілділік саясат шеңберінде жүргізілген қазақ тілінің кемсітілуі, аяққа тапталуы оның, тым болмаса, республиканың қазақтілді бөлігі үшін қоғамдық функцияларды орындауға да қабілетсіз болуына алып келді.

КСРО-дағы орыс емес барлық халық үшін міндетті болған қостілділікті жасанды түрде күшейту саясаты әр түрлі тілде сөйлейтін кеңес халқын топтастыру үшін жасалған әрекет, КСРО империясының мемлекеттік құрылымының механизмі болып табылды, өйткені, КСРО-дағы қостілділік

КОКП-ның империялық ұлт саясаты мен тіл саясатының нәтижесі еді. Сондықтан, К.Х.Ханазаровтың атап көрсеткеніндей, тек империялық тіл саясаты жағдайында ғана «мемлекеттің тілге деген қатынасы - бұл саясат, қостілділік деп есептелетіндерге қатысты - бұл да саясат».

Қостілділік феноменінің даму заңдылықтарына сәйкес келмеуі бұл саяси механизмді тиімсіз етті, нәтижесінде, ол КСРО-дағы 70-80 жылдарда басталып, 80-жылдардың аяғында оның ыдырауына алып келген этникалық ынтымақтастықтың артуы себептерінің біріне айналды.

Қазіргі таңда посткеңестік елдердің көпшілігінде бірден-бір мемлекеттік және ресми тіл титулды ұлттық тілі болып табылады, тек Белоруссия мен Қырғызстанда ғана орыс тілі екінші мемлекеттік тіл немесе оған теңестірілген. ТМД-ның басқа елдерінде орыс тілі аса ықпалды емес, бірақ оның танымалдылығы оның құқықтық мәртебесіне ешбір әсерін тигізбейді. Мысалы, Әзірбайжанда ел азаматтарының төрттен бірі Ресейде тұрақты түрде тұрып жатқанымен және соған сәйкес олар орыс тілінде сөйлегенімен, мұнда бірден-бір мемлекеттік тіл әзірбайжан тілі болып табылады. Арменияда да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан, мұнда орыс тілі мектептерде міндетті пән болып қалғанымен, ол екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне ие емес.

Қазақстанда Конституцияның 7-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл қазақ тілі ал, орыс тілі ресми тіл болып табылады және қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады.

Қазақстанда қостілділікті тәуелсіздік алған уақыттан бері қарай қазақтардың едәуір бөлігі елдегі демографиялық жағдай мен ұлттық мемлекеттілікті қайта жандандыру стратегиясының арасындағы мәжбүрлі және уақытша мәміле ретінде қабылдайды. 2004 жылы бұл жөнінде Ж.С.Смағұлова былай деп атап көрсеткен : « Тіл саясатының құралы ретінде қостілділік елдегі тұрақтылықты сақтау үшін, интеграциялық процестерді күшейту үшін және халықаралық аренада Қазақстанның позитивті имиджін қалыптастыру үшін қажетті саяси мәміле (компромисс) болып саналады; сонымен қатар, бұл орыс тіліне әлі күнге дейін үлкен мән берілетін социолингвистикалық ақиқаттың мойындалуы».

Біздің көзқарасымыз бойынша, 1997 жылы О.Сабденов дұрыс атап көрсетті. Ол былай деп жазған болатын: «... қазақ халқының тағдырында көбіне сыртқы күштердің, империялық орталықтың әсерінен шұғыл өзгерістер жиі болды... бүгінде дамудың дербес жолын таңдаудың, өзіндік, ұлттық өмір сүруді іске асырудың бірегей, бірден-бір мүмкіншілігі бар.... Ұлттық қайта жандану міндеттерін қазақ мәдениетінің нағыз қайнар көздеріндегі жағымды жағдайларды барынша пайдаланумен тығыз байланыстыра отырып шешу қажет. Қазақ халқының интеллектуалдық және рухани әлеуетін барынша толық жүзеге асыру - міне, егеменді республиканың мемлекеттік құрылым ауқымындағы саясаты бірінші кезекте осыған бағытталуы тиіс».

Осыған байланысты, ұлт саясатының негізгі элементтерінің бірі - басқа да этностардың дамуы үшін барлық жағдайларды бір мезгілде жасай отырып, қазақ мәдениетінің негізін мақсатты түрде дамыту болып табылады. Ауыр қиындықтарды басынан кешірсе де, өзінің ұлттық төзімділігін( толеранттылығын), сенімі мен татулығын сақтай отырып қазақ халқы бұған басқа халықтарды кінәламайды, бұл елдегі ұлтаралық қатынастың негізі болып табылады.

Мемлекеттік ұлт саясатының маңызды ерекшелігі қостілділік саясаты болып табылатындығы шүбәсіз. Үкімет пен мемлекет елдегі барынша таралған екі тілге - қазақ және орыс тілдеріне - нақты орындарын тауып берді. Қазақстанда осы тілдерде сөйлейтіндердің арасында саяси шиеленіс туындаған жоқ, өйткені, халық бүкіл қазақстандықтардың өміріндегі бұл тілдердің шынайы маңызын ұғына білген болатын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Койгелдиев С. Дело госязыка запуталось в "трех соснах" // Казахстанский юридический портал 2006 г. www.zakon.kz

Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы.- Алматы: Гылым, 1995. - 248 с. - C. 135

Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже ХХІ века. - Алматы: Казахстана, 1997. - 368 с. - С.350

Ханазаров К.Х. Критерии двуязычия и его причины //Проблемы двуязычия и многоязычия. М., 1972.- С.124

Статус языков в различных государствах мира. // РИА «Новости» 17.08.2006. http://rіan.ru.Смагулова Ж. С. Языковое планирование: типология и модели: Дисс... к.филол.н. - Алматы: КазНУ, 2004. - С. 101

Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже ХХІ века. - Алматы: Казахстана, 1997. - 368 с. - С.350.Назарбаев Н.А. Выступление на ІІІ съезде работников образова­ния и науки «Обновленной стране - качественное образование». // Казахстанская правда, № 233, 13 октября 2004г. - С. 1-2.

Бисенова Ә.З., Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың теориялық- қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы

«Ақиқат» журналы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485