Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәсе... 9140 9 пікір 15 Шілде, 2017 сағат 23:32

"Шындық экспедициясы" жер туралы шындықтың бетін ашпақшы

Жер жағдайының шындығын іздеген «Шындық экспедициясы» жолға шықты, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы «Жер тағдыры» қоғамдық қозғалысының мүшелеріне сілтеме жасап.

Экспедиция бүгін Кереку аймағында өз жұмысын бастады. «Шындық экспедициясының» құрамы қазірше үш адамнан құралған. Жетекшісі «Жер тағдыры» қоғамдық қозғалысының басшысы Қайырлы Омар, Айдын Егеубаев және астаналық белсенді Асхат Борумбаев.

Жерге байланысты шешілмеген мәселе еліміздің 14 облысы, 160 ауданының бәрінде де бар екені белгілі. Бұл жолғы экспедиция өз мүмкіндігіне қарай бірнеше облыстарды аралайды.

Ұйымдастырушылар ертең немесе арғы күні нақты жүріп отыратын маршруттарын жариялайтындарын, бүгін Керекудің белсенділерімен кездесіп, қарапайым шаруалардың жағдайымен танысқандықтарын хабарлады. 

Белсенділер аталған облыста ауылшаруашылық немесе өндірістік, тіпті жеке тұрғын үй жерлерін алған шетелдік азаматтардың бар, олардың ішінде қытай азаматтарының қанша екенін қазір тап басып айту қиын екенін, сонда да мүмкіндігінше дәлел жинап, ел аузындағы әңгімелерге де құлақ түріп жатқанын, сол әңгімелерді зерттеу арқылы біраз шындықтың бетін ашуға тырысатындықтарын айтады. 

"Шындық экспедициясы" барлық облыс, аудандардың белсенділерінен өз мүмкіндіктеріне қарай жер мәселесімен айналысып, жер туралы ақпарат жинап беруді өтінеді. "Біз экспедиция маршрутын жариялағаннан кейін сол біз жүріп өтетін аймақ, облыстардың белсенділернен ақпараттық қолдау көрсетуін сұраймыз" деп жазды Айдын Егеубаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Экспедиция басталды, белсенділер жерге қатысты шынайы шындық, айнымас ақиқат іздеп жолға шықты, сәт сапар тілеп, қолдау білдіріңіздер, ағайын! 

Дайындаған Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394